Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық оқушылар неміс тілінен бүкілресейлік байқаудың жеңімпазы атанды

Қызылордалық оқушылар неміс тілінен бүкілресейлік байқаудың жеңімпазы атанды

«Tolles Diktat-2020» бүкілресейлік ашық акция-байқаудың қорытындысы бойынша Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 22 жүлделі орындарды иемденіп, неміс тілін білу деңгейлерін дәлелдеді.
11-сыныптың оқушысы Жұлдызай Берміштай білім сайысында неміс тілін В1 деңгейде меңгергендер категориясында бақ сынасты. Нәтижесінде ұсынылған диктантты өте жақсы жазып шығып, жеңімпаз атанды.
«Неміс тілін екі жылдан бері үйренудемін. Бүгінде осы тілде әңгіме құрып, қысқа мәтіндерді оқу және белгілі тақырып төңірегінде өз пікірімді білдіре аламын. Тіл білу болашақта үлкен мүмкіндіктерге жол ашады», – дейді Жұлдызай.
«Tolles Diktat» – неміс тілін насихаттау және осы тілде сауатты жазу мәдениетін дамыту мақсатында неміс халқының қоғамдық ұйымдары бастамасымен жыл сайын өткізілетін үлкен жоба. Биыл байқауға 22 мемлекеттен 67 000 қатысушы тіркеліп, онлайн түрде диктант жазды.
«Жұлдызаймен бірге 7-11-сыныптардан тағы 40-қа жуық оқушы мектеп намысын қорғады. Нәтижесінде сайыста 6 жас зияткер 3-орынды, 11 қатысушы 2-орынды иеленсе, 5 бала байқаудың жеңімпазы атанды», – дейді неміс тілі пәнінің мұғалімі Анар Піржанова.
Айта кету керек, 2018 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектебінде неміс тілінен арнайы элективті курстар ашылып, Германия елінде білім алуға қажетті тілдік дағдыларды арттыру бағытында жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, жыл сайын Гёте институты өткізетін «Неміс тілі сахнада» атты фестивалінде қызылордалық зияткерлер үздік тілдік дағдыларын көрсетіп, Лауреат атанып келеді.



01 мамыр 2020 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 964 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам