Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Covid-19: Соңғы тәулікте науқас тіркелген жоқ

Covid-19: Соңғы тәулікте науқас тіркелген жоқ

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 214. Соңғы тәулікті жаңа жағдай тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте жаңадан жағдай тіркелген жоқ. Себебі, мереке күндерін пайдаланып, зертханалық құрылғыларды тазалап, жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соңғы тәулікте барлығы 70 зертханалық сынама алынса, оның 60 сынамасы теріс мәнді болды. 10 сынама зерттелу үстінде. Қалдық тест - 5392», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3242 азамат анықталды. Оның ішінде, 1746-сы жақын қарым-қатынаста, 1496-сы жанама байланыста болған.
Жалпы облыс бойынша бүгінгі тәулікке дейін 214 науқас тіркелсе, оның 138-і сауығып, үйлеріне шығарылған. Қазіргі кезеңде инфекциялық стационарда -76 науқас ем қабылдаса, 24-і провизорлық стационарға, 402-сі карантиндік стационарға жатқызылған.
Құрметті облыс тұрғындары, карантин ережелерін сақтап, сақ болыңыздар.
04 мамыр 2020 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 956 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам