Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚР ҰҚК интернеттегі ақпараттық қауіптерге қатысты Telegram-бот ашты

ҚР ҰҚК интернеттегі ақпараттық қауіптерге қатысты Telegram-бот ашты

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әсер ету қызметі интернеттегі ақпараттық қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу жолдары туралы хабардар етіп отыратын Telegram-ботты іске қосты.
Атап айтқанда, Telegram-бот арқылы қазақстандықтар:
– «KZ-CERT қызметтері» айдарына ақпараттық қауіпсіздіктің ықтимал қаупі және инциденті туралы хабарлай алады;
– «Call – Center»қызметінің 1400 бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығына тәулік бойы тегін қоңырау шалуға болады.
– Қандай да бір доменде зиянды бағдарламалық жасақтаманың бар-жоғын тексере алады;
– «Құпия сөздің күрделілігін тексеру» қызметі жеке ақпараттың қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі;
– «Жиі қойылатын сұрақтар» айдарында ақпараттық қауіпсіздікке қатысты жиі жолданатын сұрақтарға жауап беріледі.
«Сондай-ақ, KZ-CERT қызметі ребрендинг жасап, www.cert.gov.kz жаңа интернет-ресурсын пилоттық режимде іске қосқанын еске салады. Жаңа интернет-ресурста нашар көретіндерге арналған нұсқа жетілдірілді, ресурстың мобильдік нұсқасы икемделді, құпия сөздің күрделілігін тексеру қызметі қосылды, онлайн режимде кез келген уақыттағы инциденттер статистикасын қарауға болады және 24/7 режимде онлайн кеңесшіден ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес, көмек алуға болады», – делінген «KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мәліметінде.
04 мамыр 2020 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 159 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам