Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сүйіктімнің сәлемі

Сүйіктімнің сәлемі

Әскер тақырыбы өте қызық, әрі ұмытылмастай. Екі жыл қызмет еткенде одақтың әр түкпірінен талай дос таптық, кей-кейде еркелікпен егесіп қалдық. Бір казармада жатып, қашып қайда барасын, ақырында татуласып, ер шекіспей бекіспейді деп кеттік. Бірақ ол кезде құпиялық сақталатын, хатта артық сөз жазылмайтын.
Қазіргідей ұялы телефон жоқ, тілдесу тек телеграф арқылы жүзеге асады. Негізінен хат жазу үрдісі басым. Сол үшін конверт, қалам-қағаз беріледі. Уақыт та қарастырылған. Кешкі тоғыздан бастап жарты сағат бөлінген. Үнемдесең үш хатты ойланбай жазуға болады. Ал, хаттың ең құндысы – сүйіктіңнің сәлемі. Ия, дәл солай.
Есіме бір оқиға оралды. Ұлбала дейтін бір апамыз ортаншы ұлын әскерге шығарып салып, күнде Әзім почташының үйін торуылдайтын болды. Хат күтеді, баладан хабар жоқ. Уайымдай бастады. Ақырында әскери комиссариатқа барғысы келді. Комиссариат арқылы әскери бөлімге хабар жіберіп, ұлының жайын білгісі бар.  Сөйтіп жүргенде Әзім бір құпияны ашып берді. –Балаңнан хат келді, бірақ Әлібектің қызына, -деді ол. Мұны естіген Ұлбаланың жаны қала ма, ұшып отырып Әлібектің үйіне барды. Құр бармады, айқайға басты. –Ессіз қалғыр, әке-шешесі тұрып, қызға бірінші хат жазғаны несі? Мен таусылып почташының жолын күтемін. Ал, ол болса қызды түгендейді,- демесі бар ма? Оған қыз қысылып жатыр, әке-шешесі басу айтып әлек. Арада екі-үш күн өткен соң баланың бірінші хатын Ұлбала да алды. Содан кейін ашу басылды ғой.
Әскерден жазылған хаттың мәтіні кейде новеллаға, кейде эссеге ұқсайды. Себебі қыздың хатын қауымдасып жазады. Достардың ақыл-кеңесімен терең философиямен, қанатты сөздермен әспеттеп, құдды байқауға ұсынылатын шығарма секілді үтір-нүктесіне дейін тексеріс жасалады. Ал, хат кетті, енді оның жауабын күтуді айтсайшы. Почташы да біледі, кімнен хат келетінін. Сүйіктіңнің хаты ең қымбаты. Оның төлемі - билеу немесе «Чайноеда» жуу.
Шіркін, хат қолға тиген күні ұйқы қашады. Түнімен сығырайған жарықтың көзімен бірнеше қайталап оқып, мына өмірде сенен бақытты жан жоқтай марқайып, ерекше сезім билейді. Оны төс қалтаңнан тастамай, қол қалт еткенде тағы да оқу басталады. Жалықпайсын, оқыған сайын тебіреніп, толқи түсесің. Мөлдіретіп жазбаса да оның жәй жағдай сұрағанының өзі жүректі жібітіп, есті елітіп жібереді ғой.
Сол кездің әдемі әдісі бар еді. Өлеңдетіп жазатын. Көбінше ол былай келеді.
Роза гүлді аларсын,
Оны суға саларсын.
Гүлді суға салғанда
Мені еске аларсын,- өріледі. Мұның артынан:
Гүлді салған себебім
Гүлдей жайна деп едім.
Гүл дегенім сезімім
Сүйген сәулем Сен едің, - дегені қандай ұнамды еді. Сөйтіп конвертті тілмен ылғалдап жауып, сыртына «Аттай шап, адаспай тап» деп қоятыны тағы бар. Осылай ғашықтық хат адамды не ақын қылып, не жазушы қылып жібере жаздайды. Қазір ойланып отырсам, жігіттің албырт шақтың қайталанбас сәттері сол әскерден қуат алып қайтады екен. Бәлкім, журналист болудың бастауы сол кезден қалыптаса бастаған шығар...
Қ.Құрбан
05 мамыр 2020 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 965 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам