Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз

Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз

 Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл. Жыл сайын кескілескен шайқастардың тарихы алыстағанымен, майдан даласында батырлардың көрсеткен ерліктері мен қаһармандығы ешқашан ұмыт қалмақ емес.
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары сұрапыл соғыста жастық жігерін қару етіп, Отан үшін күреске түскен қайсар мінезді ата-әжелері туралы әлеуметтік желілерде баяндауды жөн көрді.
«Ұлы жеңіске қол жеткізуге менің атам Зейнет Ибеевтың қосқан үлесі зор», – дейді Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-ші сынып оқушысы Маргұлан Мнажаддин.
Шөбересі атасының сұрапыл соғыста жасаған ерлігі мен бейбіт күндердегі еңбектері туралы естеліктерін үнемі еске сақтап, ол туралы сыныптастарымен бөлісіп отырады: «Мен атамның ерлігіне мақтанамын және оның алдында бас иемін. Осындай бейбіт аспанда өмір сүру бақытын сыйлаған ардагерлерімізді ешқашан ұмытпауымыз керек».
Отты жылдардың ізі қалған отбасылық естеліктермен бөлісу арқылы жас зияткерлер батырларымыздың даңқты ерліктері мен шынайы патриоттығын жас ұрпаққа таныстырып, тәуелсіз елімізде тыныштық сыйлаған ардагерлерімізге шексіз алғыстарын білдіреді.
Қызылорда облысында көзі тірі 16 Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалды. Оның бірі 97-жастағы Кәлеп Бектұрғанов. Жас зияткерлер Қызылордадан әскер қатарына шақыртылған сарбаздың өмірі мен оның майдан даласында жасаған ерліктері жайында зерттеушілік жұмыстар жүргізіп, Отан үшін оққа тосқан кеудесі бүгінде орден-медальге толы батыр атаға оқушылар шынайы алғысын білдірді.
«Ер есімі - ел есінде» демекші, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Ардагерлердің ерең ерліктері, қажырлы еңбектері мен табандылықтары үшін бас иеміз. Мерекеге орай барлық Жеңіс батырларына мықты денсаулық, ұзақ құмыр мен бақ-береке тілеймін», - дейді 12-сынып оқушысы Тамара Розметова.
Жыл өткен сайын соғыс тарихы алыстап, ардагерлер қатары сиреп барады. Алайда олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі сақталады.
Мерекелік марафон барысында Зияткерлік мектеп ұжымы құнды деректерге толы «Майданнан келген хат», «Ұлы Жеңіс батырлары» секілді арнайы топтамалар мен патриоттық онлайн шаралары арқылы жас ұрпақ арасында ҰОС тарихы мен оның қаһармандары туралы насихаттауды жоспарлайды.








06 мамыр 2020 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 957 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам