Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мақтаралға Қызылордадан гуманитарлық көмектің алғашқы легі аттанды

Мақтаралға Қызылордадан гуманитарлық көмектің алғашқы легі аттанды

Бүгін Қызылордадан бір топ азамат су тасқынынан жапа шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Түркістан облысының Мақтарал ауданына аттанды. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жазды.
"Алла деп Мақтаралға Сыр елінің көмегін алып жолға шықтық. Аймақ басшысы Гүлшара Наушақызының ұйымдастыруымен, ерікті кәсіпкерлердің қолдауымен 15 тоннаға жуық азық-түлік, қосымша құрылысқа қажетті жабдықтар, көрпе-төсек, тағы басқа заттар бар. Бұл - Сыр елінен шығатын көмектің басы ғана. Бұйырса, әрі қарай жүйелі түрде жалғасатын болады. Жол амандығын берсін!" - делінген жазбада.
Айта кетейік, Өзбекстандағы су қоймасының бұзылуы салдарынан аталған ауданының бірқатар ауылын су басқан еді. Осыған байланысты Қызылорда облысының волонтёрлар штабы жанынан гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі облыстық штаб құрылды.
Гуманитарлық көмек көрсету пунктінің мекен-жайы: Қызылорда қаласы сол жағалау 15 А, "Жастар орталығы" ғимараты.

#ГуманитарлықКөмек
#МақтаралАуданы
#ҚызылордаОблысы

06 мамыр 2020 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 966 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам