Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құрметті жерлестер! Қадірлі Қарулы күштер сарбаздары мен ардагерлері!

Құрметті жерлестер! Қадірлі Қарулы күштер сарбаздары мен ардагерлері!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – әр уақытта Отан күзетіндегі сарбаздардың патриоттық сезімін, елжандылық қасиеттерін паш ететін, ел қорғаған азаматтардың ерлігін еске алатын ерекше мереке. Тарих толқынындағы біздің даңқты ардагерлеріміздің ерлігі кейінгі буын жауынгерлерге үлгі болып келеді.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған жерін қорғау - батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті, қасиетті дәстүрі. Сондықтан бүгінде сайыпқыран сарбаздарымыз ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, әскери борыштарын абыроймен атқаруда. Жыл сайын біздің қаламыздан да азаматтар Қарулы күштер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеуде. Бұл аға ұрпақтың даңқты жолдарын ардақтаған қызылордалықтардың мемлекеттің қорғаныс қуатын күшейтуге қосқан лайықты үлесі деп есептеймін.

Қадірлі Отан қорғаушылар!
Қазақстанның қарулы күштері бүгінде жігерлі, талапшыл, адамгершілігі зор, жауынгерлік рухы мықты азаматтарды бір арнаға тоғыстыра отырып, жинақы да ұтқыр армияға айналды. Сол себепті бұл күні еліміздің Қарулы Күштерінде ауыр да жауапты қызметте жүрген жандарға біз құрмет пен алғысымызды білдіреміз.
Халқымыздың берік қорғаны, сенімді тірегіне айналған қырағы қорғаушыларымыз бар кезде халқымыз бейбітшілік баянды болады деп сенеді.
Осындай тамаша күні бейбітшілік тірегіне айналған Отан қорғаушылар күнімен тағы да құттықтаймын. Өздеріңізге және жақындарыңызбен отбастарыңызға амандық, мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.
Әрқашан тірлігіміз тату, бірлігіміз берік болсын!

Құрметпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев
07 мамыр 2020 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 159 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам