Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ардагерге көрсетілген құрмет

Ардагерге көрсетілген құрмет

ЗК-69/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Т.Қалымбетов тағы да бір игі бастаманы қолдады. Бұл жолы Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетіп,алғыс хат жолдады.
Мекеменің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Ж.Есмаханов,әділет майоры Г.Алтынбек және әділет аға лейтенанты Н.Алыбаева ардагер Бәйтіков Абдрахман атаның шаңырағына барып,мерекесімен құттықтап қайтты.
Қарт жауынгер 1942 жылы Курск шайқасында болып, жойқын соғыстың сұмдық көріністеріне куә болады. 1943 жылы қолынан жараланып, елге оралған.
Содан бері міне, отбасы құрып бейбіт күннің арқасында өмірлік серігі Кеңескүл апай екеуі, алты ұл төрт қыз тәрбиелеп көлеңкесін кеңге жайған мәуелі жеміс ағашындай өсіп-өніп келеді.
95 жасқа келген абыз ақсақалдан естіген әңгімеден рухани жан азық алып қайтқан ҚАЖ қызметкерлері батыр бабаның батасына кенелді. Ардагеріміз де, бұл сала қызметкерлеріне бала жүректі қарияның көңілін аулап, елеп - ескергені үшін алғысын айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
08 мамыр 2020 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 957 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам