Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мен бақытты ұрпағымын батырдың

Мен бақытты ұрпағымын батырдың

Мырзасапар Мұстафаев жары Əминамен

Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа енген – Ұлы Отан соғысы қазақ отбасыларын да айналып өтпегені мәлім. Соғыс жылдарында кеңес әскеріне шақырту алған 1 миллион 200 мың қазақстандықтардың қатарында менің атам мен әжемнің әкелері Мұстафаев Мырзасапар мен Ералиев Асқар да бар еді. Жеңістің 75 жылдық мерекесінде кеудесін оққа тосқан батыр бабаларымның өшпес ерлігі жөнінде қалам тербеуді жөн көрдім.
Мұстафаев Мырзасапар Қызылорда облысына қарасты 7ші ауылда (қазіргі Шіркейлі ауылдық округі) 1914 жылы дүниеге келген. Жерін жаудан азат ету үшін ата – анасын, сүйген жарын Аллаға аманат етіп 27 жасында соғысқа аттанады. Жауған оқтан жан сауғаламай ерлік көрсетіп, аяғына оқ тиіп жараланады. Атамның айтуы бойынша, әкесі Мырзасапар дүниеден өткенде небары 3 жаста болған. Сол себептен дерек көздері өте аз. Барлығы дәлел мен дәйекке сүйенген заманда бабамнан қалған осы мәлімет мен үшін асылдың сынығындай құнды.
Ералиев Асқар 1918 жылыдың 18 ақпанында Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Жоғарғы білімді Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищеде «Мұғалім» мамандығы бойынша тәмамдап, әскери борышын 1939 – 1941 жылдары өтеген. Соғыс басталған уақытта №1128 атқыштар полкіне, атқыштар взводының командирі ретінде аттанған. - 30 – 35 градус аязда қару – жарақтар мен техниканың жеткіліксіз болып, адам жаны төзбес қиындықты бастан кешіргені туралы оқиғаны, жазушы Александр Илюшечкин "Варшавское шоссе – любой ценой" кітабында толық суреттеген.
Жеңісті жақындатуға атсалысқан батыр аталарым «Қызыл жұлдыз», «Отан» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жеңістің 20 жылдығы», «Жеңістің 25 жылдығы», «Жеңістің 30 жылдығы», «Жеңістің 50 жылдығы», «Германияны жеңгені үшін және т.б медальдарымен наградталып, Республикалық, облыстық құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ер есімі, ел есінде. Тәуелсіз елде, кең байтақ жерде, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүруіміз, батыр бабаларымыздың ерен еңбегімен келген деп білемін.

Аяулым АЙБЕКҚЫЗЫ

Асқар Ералиев майдандас достарымен. 1942 жыл

08 мамыр 2020 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 025 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам