Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұлы Жеңіске 75 жыл: Өнер жұлдыздары мерекелік онлайн концерт береді 2020 жылғы 8 мамыр 20:25

Ұлы Жеңіске 75 жыл: Өнер жұлдыздары мерекелік онлайн концерт береді 2020 жылғы 8 мамыр 20:25

Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Осыған орай «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы онлайн іс-шаралардан құрылған мерекелік бағдарламалар ұсынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Ұлы Жеңіс күні ел жадында мәңгілік қалатын тарихи мереке. «Қазақконцерт» ұжымы барша қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтайды. Әсіресе соғыста алдыңғы қатарда болған батырлар мен тылда жүріп ерлік көрсеткен ардагерлеріміз үшін бұл ерекше күн. Бұл орайда мерекелік көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралардың орны бөлек. Осы арқылы біз батыр бабаларымыздың жауынгерлік жолы мен қайсарлығын насихаттап, ән-жырға қосып, жас ұрпақтың санасына сіңіре білуіміз керек. Қазақконцерт ұсынатын биылғы мерекелік іс-шаралар кешені онлайн форматта өткізілмек«,- деп атап өтті «Қазақконцерт» МКҰ директоры Жеңіс Сейдуллаұлы. 
Қазақконцерт әртістері бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымыздың рухына, соғыс және тыл ардагерлерінің ерлігіне тағзым етіп, өздерінің шынайы алғыстарын баршаға белгілі поэзиялық туындылар арқылы жеткізді. 
Онлайн форматта «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Жди меня», «Ленинградтық өренім» өлеңдері оқылды. Онлайн құттықтау «Қазақконцерт» ұйымының Instagram парақшасында «Ерлікке тағзым» атты жаңа рубрика аясында жарияланды. 
Жеңіс күніне арналған іс-шаралар бағдарламасын «Карантиндегі жұлдыз» жобасының тікелей эфирінде көрсетілетін мерекелік онлайн концерт жалғастырады. Өнер сүйер қауым Livе форматындағы жаңа концертті «Қазақтелеком» АҚ YouTube арнасынан көре алады. Бұл кеште опера және эстрада өнерінің танымал әншілері Медеу Арынбаев, Азамат Жылтыркөзов, Ерлан Рысқали, Игорь Благодарный, Мейір Байнеш, Бибігүл Жанұзақ, Альфия Каримова, Рүстем Нұржігіт, Азат Мәлік, Дина Мирманова өнер көрсетеді. 
Әлеуметтік желілерден бөлек, көрермендер «Қазақконцерт» ұйымы дайындаған «Жеңіс туы, желбіре!» атты мерекелік концерттің телекөрсетілімін тамашалай алады. 
Естеліктерге толы ерекше концерт «KAZAKH TV» телеарнасынан көрсетіледі.
09 мамыр 2020 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 025 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам