Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жүз жасаған майдангерді құттықтады

Жүз жасаған майдангерді құттықтады

Облыс  әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлмановты Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.
Бөрібай Құлманұлы 1920 жылы 6 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Ол Ржевск пен Приволжьені азат етуге қатысқан.  Ерлік пен батырлық танытып, Жеңіске үлес қосқаны үшін майдангер "Қызыл жұлдыз" және "Отан соғысы" ордендерімен марапатталған. 
Елге оралғаннан кейін де ардагер мемлекеттік қызметте еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты.  Отан оның еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек Қызыл Ту" және "Құрмет Белгісі", "Құрмет" ордендерімен, сондай-ақ Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Бүгін өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова ардагерге Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын жеткізіп, бейбітшілік пен жарқын болашақты құруға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. 
Өз кезегінде майдан қаҺарманы Бөрібай Құлманов Мемлекет басшысына үнемі көрсетіп отырған қамқорлығы мен қолдауы үшін зор ризашылығын білдірді.  
Өңірдегі 16 ҰОС ардагерінің 8-і Қызылорда қаласында, 1-уі Арал ауданында, 3-уі Қазалы ауданында, 2-уі Сырдария ауданында, 1-уі Шиелі ауданында, 1-уі Жаңақорған ауданында тұрады. 
Бүгін облыстағы барлық майдангерлерді өңір басшысы мен қала, аудан әкімдері құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтауын тапсырды. 
Биыл өңірдегі 16 майдангердің барлығына 1 млн. 111 мың теңгеден берілді.  Жалпы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге 437 млн.теңге бөлінді.
10 мамыр 2020 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 023 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам