Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ертең Төтенше жағдай режимі аяқталады, бірақ карантин әлі сақталады

Ертең Төтенше жағдай режимі аяқталады, бірақ карантин әлі сақталады

Әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің елімізде де белең алып, ушыға түсуіне жол бермеу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен республикада төтенше жағдай енгізілгеніне де екі айға жуық уақыт болды. Бұл азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшін уақытша қабылданған мәжбүрлі шара еді. Ертең, 11 мамырда елімізде төтенше жағдай режимі алынады.
«Біз дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында коронавирус індетінің жаппай таралуына тосқауыл қойдық. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықаралық сарапшылар жоғары бағалады. Пандемия ел экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарай, Үкімет азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Табысынан айырылған адамдар қаржылай көмек алып жатыр. Мұның бәрі халықтың тұрмыс жағдайын төмендетпеу үшін жасалуда. Қабылданған шаралар өз нәтижесін бере бастағанын көріп отырмыз. Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады», – деген еді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 4 мамыр күні Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде .
Бірақ бұл карантин шараларын да толық алып тастайынын білдірмейді. Қауіпсіздік шаралары алдағы уақытта да қатаң сақталуы шарт. Бұл ең алдымен еліміздің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса қажет. Өйткені, коронавирус індетінің таралуы бәсеңдегенімен күн сайын еліміздің әр жерінен вирус жұқтырып алғандардың тіркеліп жатқаны бар. Айталық, бүгіннің өзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 81 адам Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, және Қарағанды облыстарында анықталып, елімізде індетке шалдыққандардың саны 5000 адамнан асып отыр. Өкінішке қарай, 31 адам көз жұмды. Ал Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны 1800-ден асып жығылады.
Жоғарыда айтқанымыздай, ертең, 11 мамыр күні елімізде төтенше жағдай режимі алынып тасталады. Соған байланысты карантин шаралары да босаңдатылуы мүмкін. Мұндай шешімді ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдайтындығы белгілі.

10 мамыр 2020 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 964 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам