Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыр жұртынан Мақтааралға көмек: Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Сыр жұртынан Мақтааралға көмек: Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Қызылорда облысы әкімдігің бастамасымен облыстық жастар саясаты басқармасы жанынан құрылған волонтёрлар штабының ұйымдастыруымен 4 мамыр күні су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында облыстық штаб құрылды.

Облыс әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен ерікті жастар атсалысып, 6 және 9 мамыр күндері «СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК» ұранымен Түркістан облысына гуманитарлық көмек жеткізілген болатын.
Бұл жұмыстар жалғасын тауып, Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға Сыр өңірінен гуманитарлық көмектің 3-ші кезеңі жолға шықты.

Қармақшы, Сырдария аудандары және Байқоңыр қаласынан 13 автокөлікпен барлығы 24 тонна азық түлік, 2 тонна жем, 2 тонна киім-кешек, 1 тонна тұрмыстық заттар және 1 бас жылқы, 1 бас сиыр малы жіберілді. Жалпы 6 мамырдан бастап Сыр жұртшылығы Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Біз Мақтааралмен біргеміз!
10 мамыр 2020 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 958 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам