Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Оңтайлы шешім деп білемін

Оңтайлы шешім деп білемін

Бүгінде бүкіл ел аумағында, облыс орталықтарымен қала ішінде төтенше жағдай режиміне орай бірқатар шектеудің алынғаны мәлім. Сондай-ақ, төтенше жағдай режимі аяқталса да, карантиндік жағдай әрі қарай жалғасатынын атап өткен болатын Мемлекет басшысы.
Осы орайда бүгінгі жарияланған үндеу еліміз үшін қабылданған оңтайлы шешімнің бірі. Елімізде адам өмірі мен денсаулығы әркезде басты орында екенін ұмытпауымыз керек. Атадан қалған даналы сөздің бірі «Көш жүре түзеледі», бір мезетте карантиндік шектеу аяқталмаса да, әр өңірдің жағдайына қалай біртіндеп қалыпқа келеді.
Елімізде орын алған қиын  жағдай ел экономикасына, дамуына кері әсер етері сөзсіз. Сондай-ақ, Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты елді мекенде су тасқыны орын алып, халық үшін бұл ауыртпалық оңай тиген жоқ.
Алайда, халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, еліміздің түкпір-түкпірінен Мақтаарал ауданына көмек қолын созып, бірлігі бекем ел екенін көрсете білді. Мұндай қиын сәтте халық үшін өзекті мәселенің бірі жұмыссыздық пен тұрғын үй болатын. Төтенше жағдай орын алған күрделі кезеңде жаңа жоба арқылы жұмыс орнын ашылып, жұмысшыларды барынша тарту маңыздылығы ескерілгені қиындықтан шығуға  екпін берді. Үй кезегіндегілер үшін арнайы «5-10-20» бағдарламасы іске асатыны халықтың көңіліндегі күдікті сейілтті. Қарапайым халық пен жас отбасылар үшін бұл бағдарлама қайталанбас мүмкіндік.
Ең бастысы, халық үшін жасалынып отырған оңтайлы шешім деп білемін.
Серік Әбіл,
"Өркениет" медицина колледжінің
"Жастар ісі жөніндегі комитетінің" төрағасы
11 мамыр 2020 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 957 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам