Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бүгінгі шешім - ертеңіміз үшін

Бүгінгі шешім - ертеңіміз үшін

Жер жүзін жіпсіз байлап, тірі жанның тіршілігін тоқтатқан кеселдің кесірі әлем елдері үшін ауыр болғаны рас.
Оның ішінде біздің елді де коронавирус айналып өтпеді. Қанша мыңдаған кәсіпорын, кәсіпкерлік нысандар, түрлі әлеуметтік жобалар тағысын тағы, барлығы дерлік жұмысын тоқтатты. Өз кезегінде әрбір азаматтың жай күйі зерделене отырып, тиісті көмектер беріліп келді.
Бүгін, яғни 11 мамырдан бастап елімізде төтенше жағдай режимі тоқтатылды.
Дегенмен бұл бұрынғы қалпымызға бір сәтте түсеміз деген сөз емес. Босаңсуға ерте дегіміз келеді. Себебі, әлемді дендеген дерттен айығып кетуде оңай емес екенін біліп отырмыз. Айтады емеспе: “Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады”- деп.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының комиссия отырысында: вирустың шарықтау шегінен өткенімізді, қауіп-қатердің артта қалғанын, алайда карантиннің режимін сақтай отыра, кезең кезеңімен байырғы өмірімізге ораламыз дегені қараша халық үшін жасалып отырған тиімді, дұрыс шешім.
Ұлтымыз қашанда қиын кезеңдерді бірігіп бір болып, жұмыла жұрт болып еңсеріп өткен.
Сондықтан, асығыстық танытпай Ел басшысының Елі үшін жасаған бүгінгі үндеуін, шешімін қолдай отыра, өз қауіпсіздігімізді сақтауымыз қажет.
Дертпен күресіп жүрген бүгінгі күннің батырларының еңбегін бағалап, даңқты атамыз Бауыржан Момышұлының “Тәртіпке бас иген құл болмайды!”- деп айтқан ұлағатты сөзін ұран етіп, әзірге тек деннің саулығын күтейік.
Шәкизат ҚАРАТАЙҰЛЫ
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы.
11 мамыр 2020 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 956 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам