Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Сыр-Ана» Сырдың сәніне айналады

«Сыр-Ана» Сырдың сәніне айналады

Алаштың анасы атанған Сыр елінің бас қаласында «Сыр –Ана» монументі бар. Бұдан бірнеше жыл бұрын салынған монумент  әдепкіде қала тұрғындары үшін демалыс орны болады деп жоспарланғанымен бүгінгі күнге дейін бұл алаңда мүлгіген тыныштық болатын.
Биылғы көктемнің жаңалығы – «Сыр-Ана» монументі алаңында қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Төтенше жағдай кезінде сәл іркіліп қалған абаттандыру жұмысы мамырдың алғашқы күнінен бастап қайта жанданды. Бүгінде қаланың әр тұсында құрылыс алаңдарындағы қызу жұмыс қала сәнін келтіргендей. Аптаның алғашқы күніндегі жұмысымызды қайнаған тіршілік алаңынан бастадық. Таңертеңмен ертелете техникалар іске қосылып, білек сыбана іске кіріскен жұмысшылардың айналасына мойын бұруға уақыты да жоқ. Қайнаған тіршіліктің ортасында істің бабын келтірген шебер Еркебұлан Мұратпен бір-екі ауыз тілдестік.
– Монумент алаңын абаттандыру жұмысын «ТехоснаткаРемСервис» ЖШС жүргізуде. Бүгінде алаңда 30 адам еңбек етуде. Өздеріңіз көріп тұрғандай брусчаткы төсеу, мрамормен қаптау жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда екі балалар ойын алаңы, екі гүлзар, екі газон алаңы, екі фонтан жасалады. Қала тұрғындарына жазда демалуға, серуендеуге қолайлы, әдемі дедалыс орны болмақ. Абаттандыру жұмысын маусымның біріне дейін толық аяқтау жоспарлануда, – дейді ол.
Аумағы екі жарым гектар жерді алып жатқан монумент алаңы қалалықтар үшін биылғы жаздың тартуы болмақ. Мұнда өз ісіне жауапты, уақытпен санаспай іске кіріскен еңбек адамдарының қолтаңбасы қалары анық. Қайнаған тіршілік алаңында еңбек етіп жатқан механизатор Баубек Молдабаев техникамен жер тегістеу жұмысына кіріссе, дәнекерлеуші Ербол Балкеев өзіне жүктелген жұмысты тиянақты атқаруда.
Қалалықтар үшін биылғы жылдың тағы бір қуанышты жаңалығы – Сұлтан Бейбарыс көшесінен басталатын Тәуелсіздік көшесін Тасбөгет кентіндегі гидроторапқа дейінгі магистральды жол құрылысы. Айта кетелік, бұл жаңалық жыл басында қала әкімінің есебінде айтылған болатын. Сөзден-іске демекші, бүгінде жол құрылысы да басталып кетті. Монумент жанынан өтетін Тәуелсіздік даңғылын әрі қарай жалғастыру жұмысын қаламыздағы белгілі компания «Қыран» ЖШС атқаруда. Жол жұмысын бастау үшін өткен жылы облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінсе, биыл республикалық бюджеттен 718,4, ал облыстық бюджеттен 5 млн теңге қаржы қаралған. Жол бойында 4 автобус аялдамасы, 3 автотұрақ, жаяу жүргінші және веложол да қарастырылған. Түнгі жарық шамдарын орнату да назардан тыс қалмаған.
Жол салу жұмысы да бүгінде қыза түскен. Мұнда да техникалар үздіксіз жұмыс істеуде. Жер тегістеу жұмысына атсалысып жатқан механизатор Жалғас Орынбаев мамырдың алғашқы күнінен бастап жұмыс қыза түскенін, өзінің мұндай ауқымды жұмысқа үлес қосып жатқанына қуанышты екенін жасырмады.
– Төтенше жағдай тірлікке тұсау болғаны рас. Карантин талабы жеңілдеп, елдің біртіндеп жұмысқа қосылып жатқанына қуандық. Міне, қарбалас жұмыс басталды, – дейді ол риза көңілмен.
Қауырт тірлікке ден қойған қызу тіршілік алаңындағы еңбек адамдарының жүзінде қуаныш. Тыныштықты еңбек дүбірімен алмастырған қызу тіршілік алаңы айналаны қуанышқа бөлегендей.
Айта кетелік, қаладағы қызу тіршілік тек бұл ғана емес. Тұңғыш президент саябағы мен Рәміздер алаңы арасын жалғастырған демалыс саябақ құрылысы және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғылдың қос қанатын абаттандыру жұмысы қыза түсті.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
12 мамыр 2020 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 018 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам