Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Оңтайлы шешім

Әлемдік пандемия індеті ел көлемінде елеулі экономикалық, әлеуметтік қиындық әкелгені белгілі. Осындай сындарлы сәтте Мемлекет басшысы уақыт ұттырмай, ел мүддесі үшін жылдам әрекетке кірісті. Қарапайым халықтың қаржы, азық-түлік мәселесін шешіп, кәсіп иелеріне колдау көрсетті. Бүгінгі Мемлекет басшысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында жариялаған кезекті мәлімдемесі де індетпен күреске және оның салдарын жоюға бағытталғаны тың бастама екені сөзсіз.
Президент мәлімдемесінде карантиндік шектеулердің кезең-кезеңімен жеңілдеуін, қолжетімді несие беру, көктемгі егіс науқанын жүргізу, жұмыс орындарын ашу және сақтау төңірегіндегі бірқатар мәселенің шешім табатынын атап өтті. Кәсіпкерлерге қолдау білдіру және халыққа қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпорындардың жұмыс режимі жөнінде нақты тапсырма берді. Оған қоса, Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыруға жүйелі жоспар бекітілді. Бұл қиын-қыстау кезеңде ұлт саулығы үшін жасалған ең оңтайлы шешім екені анық. Сондықтан, қоғам белсендісі ретінде барша қазақстандықтарды Президент пәрменіне құлақ асуға және қауіпсіздік шарасын қатаң бақылауға шақырамын.
Алтынбек ЖАРЫЛҚАСЫНОВ,
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары
12 мамыр 2020 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 957 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам