Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Алып адам

Суда тіршілік етушілер ішінде ең үлкен болып есептелетін көк киттің ұзындығы 33 метр, салмағы 195 тонна, ал жер бетіндегі жануарлар арасында африкандық пілдің үстемдігі жоғары.Оның биіктігі 3 метр, салмағы 5 тонна.
Адам да табиғаттың бір бөлігі болса, онда неге алып адам жоқ? 1906 жылы желтоқсанда Петербор газетінде «жақын күнде циркте әлемнің алыбы Федор Махнов өнер көрсетеді» деген хабарландыру жарияланды. 1903 жылы «Адам және табиғат» журналында «Федор аттың тағасын, темірді оңай бұрап, ауырды көтереді» делінген. Бірқызығы алып адам үйленген, екі баласы бар көрінеді. Балалары кәдімгі басқалар сияқты, ешбір артықшылығы жоқ. Сонымен елдің назарын аударған ол таңертеңгі тамағын тамашалап отыр. Федор екі шыны сүт, шәй, асылған 15 жұмыртқа, 8 кеспе нан еді. Түстенкейін 2 фунт қуырылған ет, 3 фунттен артық картоп,нан жеп, бір шыны сыра ішті. Ал, кешке 10 жұмыртқа және бірнеше кескен нан жеді. Оны бойы 2 метр, 85 сантиметр болды. Қаладағы тіршілік оған ұнамады. Цирктен тапқан ақшасына хутор ұйымдастырып, сонда тұрды. Көп ұзамай қайтыс болды.  Оған өкпесі қабынған деп диогноз қойылды. Шын мәнінде, оның өліміне себепкер цирктегі бәсекелес әртістер болатын. Олар алып адамды улаған екен. Мұндай алыпты Қызылордадан да кездестіруге болады. 2000 жылы қала күнінде Ерлан Өскенбайұлы ең ұзын адам номинациясын иеленді. Оның бойы 2 метр 5 сантиметр болды.
12 мамыр 2020 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 957 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам