Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құжаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Құжаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Төтенше жағдай мерзімінде 9 мыңнан астам қызылордалықтардың жеке куәлік мерзімі өтіп кеткен. Осыған орай, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы көші-қон басқармасы және облыстық білім басқармасымен бірлесіп игі бастаманы қолға алды.

Фронт-офис және көші-қон мамандарымен осындай мәселелерге кезігіп қалған зейнет жасындағы және мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып, формулярмен құжаттарын рәсімдеп беруде.

«Бұл шараның негізгі мақсаты - халыққа қызмет көрсету орталығы ашылған уақытта азаматтардың орталыққа көптеп жиналуын болдырмау және зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі таңда облыс бойынша 226 тұрғын құжаттандырылды» - деді, филиал директоры Айдын Бөкенбайұлы.

Үш жақты келісімнің аясында облыс бойынша азаматтардың тізімі жасақталынған. Бүгінде құжаттандыру жұмысы қала және аудан көлемінде қарқынды түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, куәлік мерзімі өткен және кәмелет жасына келіп, жаңадан куәлік алушыларды әкімдіктермен, білім бөлімдерімен бірлесіп, арнайы кестемен рәсімдеу шаралары жүргізілетін болады.Негізінде азаматтарға мерзімі өткен құжаттарын жаңалауға 10 шілдеге дейін мүмкіндік беріледі.

Айта кету керек, куәлік мерзімдері өтіп кеткен азаматтар карантин аяқталған соң 10 шілдеге дейін ауыстырып алуға мүмкіндіктері бар. Ал, Халыққа қызмет көрсету орталығынан құжаттандыру жұмыстарымаусым айының 1-не дейін жалғасады.



"Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша
Филиалының баспасөз қызметі

15 мамыр 2020 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 956 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам