Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімінің орынбарасы Серік Ахмет Ынтымақ ұясында болды

Облыс әкімінің орынбарасы Серік Ахмет Ынтымақ ұясында болды

Достық үйіне облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет келді. Ол облыстағы этномәдени бірлестіктері жетекшілерімен кездесіп, облыстық ҚХА құрылымдары, жалпы Достық үйінің жұмысымен етене танысты.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова өңірлік ассамблеяның 25 жылда жеткен жетістіктерінен сыр шертті. Этномәдени бірлестіктердің негізгі қызметтері туралы материалдар ұсынылды. Медиация кабинетінде әлеуметтік, құқықтық шиеленістерінің алдын алу, медиацияны дамытуға қатысты және Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының негізгі бағыттары мен мазмұнды жұмыстары таныстырылды.
С.Ахмет біздің елімізде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделі сәтті жұмыс істеп жатқандығын, онда Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей институт ерекше орын алатындығын атап өтті. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің есебінде ауқымы кең, маңызы зор жұмыстар бар олардың алдағы кезеңде түбегейлі өзгерістер мен жаңа міндеттер қойылып отырғандығына тоқталып өтті.
Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары Достық үйінің мұражайын, кітапхана, тілдерді оқыту кабинетін, мәжіліс, концерт залдарын, би үйірмелер орталығының жұмысын зерделеді.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қазіргідей жылдам жаңғыру мен жаңару заманында этностардың болмысы мен олардың бейбітшілік берекесі қайнаған бір шаңырақ астында бірігуі және Достық үйінің этносаралық келісімді нығайтуда, тіл, дәстүр, мәдениет жаңғыртуда орны ерек екендігін атап өтіп, бірқатар ұсыныстарын айтты.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі




15 мамыр 2020 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 956 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам