Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » COVID-19: Соңғы тәулікте науқас тіркелген жоқ

COVID-19: Соңғы тәулікте науқас тіркелген жоқ

Бүгінгі таңда облыс бойынша вирус жұқтырған 245 науқас тіркелген. Емделіп шыққаны – 188. Оның ішінде 28-і медицина қызметкері. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Коронавирус анықталған азаматтардың жасына сәйкес бөлінісі: 0-14 жас – 23 азамат, 15-19 жас – 11 азамат, 20-29 жас – 71 азамат, 30-39 жас – 37 азамат, 40-49 жас – 40 азамат, 50-59 жас – 31 азамат, 60 жастан жоғарылар – 32 азамат. 15 мамыр күні 8 жағдай анықталған болатын. Бұл азаматтардың барлығы Тенгиз Шевройл компаниясының қызметкерлері»,-деді бас дәрігер.
Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3343 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1474 азамат.
Облыс бойынша 15 мамыр күні барлығы 669 сынама алынды. Нәтижесінде 338-і теріс мәнді, оң мәнді сынама жоқ. Ал 281 сынамамен жұмыс жасалуда.
Құрметті қызылордалықтар, сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар! Сонымен қатар, сырт өңірлерден келген азаматтар болса, жергілікті медициналық мекемеге хабарласуын сұраймыз.
16 мамыр 2020 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 568 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам