Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қоғамға бейімдеу – ортақ міндет

Қоғамға бейімдеу – ортақ міндет

Тағдыр жолында жаңылыс басып, темір тордың құрсауына түскен жандар қаншама. Олар тиісті жазасын өтесе де, көпке дейін еркіндікті сезіне алмай, қоршаған ортаға үрке қарайды. Қайта қатарға қосылуға күдік ұлғайып, қолдауға зәру болады. Алайда, бүгінгі таңда аталған азаматтардың өмірге деген құлшынысын оятып, қоғамға бейімдеу міндетін мемлекет өз құзырына алған. Бұл бағытта облыс орталығындағы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» КММ-сі жұмыс жасайды. Мұнда қылмыстық жазасын өтеген адамдарға психологиялық көмекпен қатар құқықтық кеңес қамтамасыз етілген.
Алдымен орталық қызметкерлері өз қызметін түзеу мекемелерінде кездесу өткізуден бастайды. Ол жерде сотталған азаматтарға мекеме міндеті мен қызметін баяндап, бостандыққа шыққаннан соң көрсетілетін құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмектер туралы толық мағлұмат береді. Аталмыш қадам темір тордағы тұтқынға болашақты жоспарлауға үміт сыйлап, келешекке деген сенімін нығайтуға жол ашады. 2020 жылы орталыққа түзеу мекемесінен жазасын толық өтеп шыққан, жергілікті полиция және қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 145 азамат есепке алынған. Олардың ішінде 30 жасқа дейінгі – 50 адам, 40 жастан асқандар – 74 және 50 жастан жоғарылар – 21 адамды құраған.
– Бұрын сотты болғандар немесе олардың туыстары қандай да бір құқықтық не әлеуметтік көмек сұраса, біз қолдан келгенше демеу беруге да­йынбыз. Маңыздысы, жақындары мен жұмыс берушілер де олардың тағдырына бейжай қарамай, қатарға қайта қосылуына себепші болса екен. Сонда ғана қиындықтан шығуға еш кедергі болмас еді, – дейді орталық психолог маманы Тұрсын Нәлібев.
Мекеменің көмегіне жүгінушілер саны жылдан-жылға артып келеді. Көбісінің шешімі қиын мәселесі – жұмысқа орналасу жайы. Себебі, қоғамдық санада жазасын өтеген азаматтарға көзқарас әртүрлі. Бірі бұл санаттағыларға қорқынышпен қараса, бірі тағдыр талқысына түскен жандарға аяныш білдіргенімен бойын аулақ ұстауға тырысады. Соған қарамастан, соңғы жылдары әлеуметтік ұстанымда оң өзгеріс байқалады. Оған жұмыспен қамту көрсеткіші дәлел. Мәселен, осы жылдың өзінде 21 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның ішінде қала әкімінің квотасымен – 8 адам, қоғамдық жұмысқа 4 азамат орналасқан. Арнайы кәсіби білігі жоқ жандарға қысқа мерзімді қайта даярлау курсы арқылы көмек көрсету де жолға қойылған. Қазіргі уақытта 30 адам арнайы қысқа мерзімді курсқа тіркеліп, алдағы уақытта оқуды бастайтын болады. Сонымен қатар,ел көлеміндегі Төтенше жағдай кезінде пробация есебінде тұрған 116 адам – әлеуметтік көмек, 8 адам – «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында, 58 адам – қызметінен шектелуіне байланысты, 50 адам – азық-түлік көмегін алған. Мұндай нәтижеге кәсіпкерлердің бірлігі мен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» ықпалы зор.
Жазасын өтеп келушілерге тұрақты жұмыстан бөлек, кәсіп бастап, өз ісін дөңгелетуге мүмкіндік жасалған. Арнайы грант ұтып, үлгілі боларлық іс бастаған кәсіп иелері де жетерлік. Орталық мамандары көмекке жүгінгендерге бизнес негізін үйрететін курста оқытып, несие алуға да жәрдемдесуде. Әсіресе, кәсіп ашуды ойлаған немесе техникалық мамандықты игеруді көздеген азаматтарға қолдау білдіруге дайын.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері жазасын өтеп келген жандарды қайта шалыс баспас үшін, қоғамға тез бейімделіп кету мақсатында түрлі семинар-кеңестер өткізіп тұрады. Мәселен, пробациялық бақылаудағы азаматтармен «Қақпа алдындағы кездесу», «Ашық есік» шарасын тұрақты жүргізуде. Сондай-ақ, түзеу мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған және белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының азаматтары арасында волейбол, шахматтан жарыс өткізу дәстүрге айналған.
Әрине, айыбын ұғынып, қоғамға қызмет етуді мақсат еткен әрбір азамат мүмкіндік алуға құқылы. Арнайы оқу бітіру, кәсіп игеру мен жеке ісін бастау да – сол даңғыл жолға жасалған алғашқы қадамның бірі. Сондықтан,  адамзаттық құндылықты арттырып, адам атын кірлетпеу үшін «қайта айналып жол тапқан» жандарға қоғам болып жәрдемдесу маңызды іс.
                                                                                           
Орынбасар Мұқсұтұлы,
 «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік
 бейімдеу мен оңалту орталығы» КММ басшысының орынбасары
19 мамыр 2020 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 990 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам