Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Баланың бас ұстазы – ата-ана

Баланың бас ұстазы – ата-ана

Иә, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы – ата-ана» дегендей, тәй-тәй басқаннан оның тәрбиесін қолға алуға міндеттіміз. Алайда, жұмысбасты екендіктерін алға тартатын кейбір ата-ана бар жауапкершілікті мұғалімге ысырып қойды. Балабақшадан басталған бүлдіршін уақыты, партаға отырғаннан кейін, қосымша сабақтар, түрлі үйірме әйтеуір көп уақыты сыртта өтетінін көріп жүрміз. Тіпті, өз баласының тәрбиесін мұғалімге ысырып қоятын әке мен ана да бар. Қазіргі қоғам бірте-бірте осындай жағдайда әкелді. Әйтседе, елімізде кеңінен жайылған коронавирус дерті балаларға да әсерін тигізбей қоймады. Оқушылар үшін IV тоқсан жылдағыдан ерекше басталды. Елімізде қашықтан оқыту қолға алынды. Сәуір айының 6 жұлдызынан бастап оқушылар онлайн оқуға кірісті. Бастапқыда қиын болғаны рас, әрине. Дегенмен, бүгінде шәкірт пен ұстаз арасындағы онлайн байланыс сәтті жүзеге асуда.
Десек те, ата-анаға қиын соғып отырғаны белгілі. Себебі, осы уақытқа дейін жұмыс бабымен сыртта жүретін кейбір жандар балаға көңіл бөлуі тиіс. Яғни, мектеп жасындағы баласы бар ата-аналар арнайы режимге көшуі керек. Осы орайда, күні бойы онлайн сабақ оқудан бөлек, баланы шаршатып алмас үшін түрлі әдіс-тәсілді меңгерген жөн.
Елде індет тарап, әбігерге салғалы адамдардың да мінезі өзгере бастаған секілді. Үйде отырып, не істерін білмей жүрген жандар да кездеседі. Бұл уақытты бала тәрбиесіне арнауға болады. Себебі, ұрпағымыздың тәрбиесі бәрінен маңызды. Қазіргі кезде тұрмыстың қамымен үйдегі бала тәрбиесіне мән бермей кеткеніміз рас. Мүмкін, осы беріліп тұрған керемет мүмкіндік шығар. Бір сәт балаңызға қарап, ойланатын кез келді. Балаға дейміз-ау, қазіргі таңда адамның бір-біріне көңіл бөлетін уақыты болмай кетті. Бәрі қарбалас, қауырт тірліктің қамымен жүргені. Оны өздері де байқамайтын секілді. Әйтсе де, жылы сөз айтып, жақын жанға уақыт арнайтын кездің келмеске кеткені қашшан. Тұрмыстың қажеттілігін желеу етіп, тек қана жұмыс бабымен жүргеніміз. Коронавирус індеті тіптен қорқыныш тудыра бастады. Десек те, жақсы жағы ата-анамен баланың қарым-қатынасын нығайтуға күш салуда. Яғни, олар бірге бос уақытты қалай тиімді өткізуге болады. Тек үйде. Себебі, бүгінгі ахуал үйден шықпауды қажет етіп отыр. Осы орайда, танымал психолог Сымбат Абдрахманова карантин уақытында баламен бірге уақыт өткізудің тиімді тәсілін ұсынады.
  – Ата-анасы қасында. Қазіргі уақытта балалар өздерін өте жақсы сезініп жүргені рас. Осы мүмкіндікті құр жібермей, перзентіңізге назар аударыңыз. Оларға анасымен бірге тамақ жасаған ұнайды. Тамақ жасау барысында онымен сөйлесіңіз, өміріңізде болған қызықты оқиғаны айтып шер тарқатыңыз. Бұл сіздерді жақындастырады. Бастысы, баламен сөйлесіп, оны тыңдаудан жалықпаңыз. Әкесі мен анасының бастан кешкен оқиғасын тыңдаған оларға әсерлі болары сөзсіз. Тіпті, сізбен әңгімелесу, ой бөлісу оған компьютер ойынынан да қызық болуы мүмкін. Үйде тазалық пен тәртіп орнатуға да жақсы мүмкіндік беріліп отыр: заттың, мүліктің орнын ауыстырып көріңіз.Уақытты тиімді өткізудің тағы бір жолы – кітап оқу. Сонымен қатар, арман картасын жасау. Осының негізінде балаңыздың не туралы ойлайтынын, нені армандайтынын біле аласыз. Төрт қабырғада үнемі отыру физикалық белсенділікті төмендетеді. Сондықтан да күнделікті таңертең отбасымен бірге таңғы жаттығу жасау да маңызды. Бастысы, осындай қиын сәтті балаға қолдау көрсету. Өзіңнің ең жақын адам екеніңді сезіндіре білу, – дейді психолог.
Бала  тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек екенін бәріміз де білеміз. Соны біле тұра, баладан тысқары қалдық. Оның тәрбиесіне ұстазды жауапты етіп қойдық. Бүгінгі ахуал көптеген ата-ананың ұстаз қадірін түсінуге жол ашты. Себебі, балалары күні-бойы қасында. Оның мінезіне қанықты. Сол үшінде осы сәтті оңынан пайдаланып, ұрпақ тәрбиесіне назар аударатын кез келді. Карантин уақыты осы мүмкіндікті жасады. Әрине, аз уақытта баланы тәрбиелеп шығу мүмкін емес. Алайда, өз балаңызды жақыннан таныңыз. Оған назар аударыңыз. Бауыржан Момышұлының «Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр» деген аталық сөзінде үлкен мән бар. Демек, жаман індеттің жақсы жағын пайдаланып қалуға тырысқан  жөн. Уақытты босқа өткізбей, әлеуметтік желіні ақтармай өз ұрпағыңызға назар салыңыз. Тәртіпті сақтап, үйде қалыңыз. Үйде отырып, ата-анамен бала қатынасын нығайтыңыз. Коронавирус індеті елімізде тарауын тоқтатқан кезде, бұл сырқаттың жақсы жағынан әсер еткенін де сезінейік. Ең бастысы, өзіміздің және халықтың амандығы. Сол үшін тәртіпке бағынып, үйде болайық. Бала тәрбиесіне келгенде барлық жауапкершілікті ата-ана ретінде өзіміз сезінгеніміз дұрыс.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
19 мамыр 2020 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 987 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам