Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «2-10-20» және «5-10-20» баспана бағдарламалары кімге арналған

«2-10-20» және «5-10-20» баспана бағдарламалары кімге арналған


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мемлекеттік бағдарлама пәтерлерінің кімге берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«11 мамыр күні Мемлекеттік комиссия отырысында баспана құрылысындағы мәселелерді шешу, оның ішінде «Отбасы банк» ұлттық институтын құру туралы тапсырма берілді. Оның басты идеясы – баспанасы жоқ әрбір қазақстандықтың орталыққа жүгініп, өз табысына сәйкес қолжетімді баспана алу мүмкіндігі. Іріктеу азаматтардың санатына қарай емес, нақты табысына қарай жүргізіледі», – деп түсіндірді Б. Атамқұлов Үкімет үйінде өткен брифингте.
Министр алғашқы топқа табысы төмен азаматтардың енетінін айтты. Отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 200 теңгеден келетін отбасы арендалық баспананы алады. Отбасының әр мүшесіне күнкөріс деңгейінің екі есе көлемі – 62,4 мың теңгеден келсе, олар «2-10-20» бағдарламасымен 2% баспана ала алады.
«Әр адамға күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінде – 96 700 теңгеден келетін табысы бар азаматтар 5-10-20 бағдарламасымен баспана ала алады. Ал күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінен де жоғары табыс түсетін отбасы – 7-20-25 бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерде пәтер алады, бұл – нарықтық ипотека», – деді Б. Атамқұлов.
19 мамыр 2020 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 990 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам