Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ИГІЛІГІ МОЛ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

ИГІЛІГІ МОЛ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

  Инвестициялық жобалар – экономика дамуының қайнар көзі. Оған басымдық беру – қай мемлекеттің болмасын ел басқарудағы басты қағидатының бірі. Себебі, ел индустриясы мен инновациялық мүмкіндіктерін арттыруда шетел инвесторларының оң ықпалы айрықша. Оны сан түрлі жобалар аясында бой көтерген өнеркәсіп нысандары мен қолға алынып келе жатқан байыпты бастамалар дәйектей түсуде.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан инвестиция үшін тартымды елге айналды. Өйткені, әлемде экономикалық тұрақсыздық белең алған елдер баршылық. Бұл бағытта оларда төмен көрсеткіштер орын алған. Ал, біздің елімізде тұрақтылық, тыныштық өз деңгейін сақтаған. Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарыштап дамып келеді.Сыр өңірінде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы барысында ілкімді істер қолға алынуда. Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ауқымды шаралары негізінде қазір облыста жаңа өндіріс орындары ашылып, тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылуда. Қазіргі таңда жалпы құны 128,4 млрд. теңгені құрайтын 30-дан астам жоба орналасқан 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Олардың қатарында «Өндіріс», Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі және Қармақшы аудандары бар. Биылғы жылдың соңғы 8 айының қорытындысы бойынша іске қосылған кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 360 млн. теңгеден астам қаржыны құраған. Бұл өз кезегінде өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 48,5 пайызға өскен.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін аталмыш аумақта орналасқан 150-ге жуық жаңа еңбек көзімен қамтамасыз етілетін 8 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Ал, қазіргі таңда облыс орталығындағы жалпы аумағы 760 гектар болатын «Өндіріс» индустриялық аймағында қабырғалық және тротуарлық материал өндіретін нысан тұрақты түрде жұмыс жасауда. Сондай-ақ, Шиелі ауданында «Мия тамырын өндіру» цехы да отандық өнімдердің үлес салмағы артуына өз септігін тигізіп отыр. Қазіргі таңда қызу құрылыс алаңына айналған – Шыны зауыты да жақын арада алып өндіріс орнына айналмақ. Мұнда тәулігіне 600, ал жылына 197 100 тонна шыны табақшаларын шығаруға қуатты, үлкен зауыт салынып жатыр.Ал, қолда бар дерек бойынша елімізді индустриялық-инновациялық жағынан дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұзын саны 25 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде.Міне, осылайша индустрияландыру картасы шеңберінде аймағымызда бірқатар инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қарқынды дамуына өзгеше серпін бермек.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.


06 қазан 2017 ж. 1 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 154 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам