Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тәрбиешілер мен мұғалімдер жалақысына үстемеақы қосылады – Аймағамбетов

Тәрбиешілер мен мұғалімдер жалақысына үстемеақы қосылады – Аймағамбетов

Биыл қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілері мен колледж педагогтерінің жалақысына 30 бен 50 пайыздың аралығында үстемақы қосылады. Мұндай жаңалықпен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бөлісті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Еліміздің бас ұстазының сөзінше, қосымша қаржы қосылу үшін олар арнайы аттестациядан өтеді. Мектепке дейінгі және кейінгі мекеме тәлімгерлерінен бөлек, орта білім жүйесіндегі ұстаздарды қосқанда жалпы саны 100 мың мұғалім өз білімін арнайы тест кезінде дәлелдеуі тиіс.

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында биылғы қыркүйек айынан бастап әріптестерімізге үстемеақы алу мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін жаз айында тестілеуді, жалпы аттестаттау рәсімін өткізіп алуымыз керек. Болжам бойынша 100 мыңдаған әріптесіміз осы тестілеуге қатысады деп отырмыз. Әрине, біреуі өтеді, біреуі өте алмайды. Қалай десек те, біз ондай мүмкіндікті беруіміз керек. Қыркүйектен бастап аттестаттаудан өткен әріптестеріміз үстемеақы алуы тиіс», – деді Білім және ғылым минситрі Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов балабақша мен колледж директорлары мен олардың орынбасарлары да аттестациядан өтетінін айтты. Жақсы нәтиже көрсеткендердің жалақыларына 30-дан 100 пайызға дейін үстемақы қосылады. Ал, қыркүйекте басталатын шара елдегі эпедимиялогиялық жағдайға байланысты бірнеше жетіге емес, үш айға созылады деп күтілуде.
21 мамыр 2020 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 990 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам