Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 80 жастағы алматылық әжей Мақтаарал тұрғындарына 33 миллион теңге үлестірді (видео)

80 жастағы алматылық әжей Мақтаарал тұрғындарына 33 миллион теңге үлестірді (видео)

Алматылық Бибіжамал әжей Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсетті. Сексенді алқымдаған әжей қиындықта қалған отбасыларға дер кезінде қол ұшын созды.

Бибіжамал апа жастайынан жесір қалған. Жолдасының өмірден озғанына 38 жыл болды. Он баланы жалғыз асырап, бүгінде бала-шағасының ортасында отыр. Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз мадақ айтады.
"Жолдасым қайтыс болғанда кенжем 1 жаста еді. Он баланы бағып, осы күнге жеткізді. Өзім әке көрмей өстім. Әкем менің 1 жасымда өмірден өткен. Қазір Аллаға шүкір, 50 шөберем бар, 39 немерем бар. Бәрі Алланың арқасы", - деді әжей.
Аты-жөнін толық атамаған Бибіжамал апа 480 отбасыға конверт таратты. Әр конвертте 70 мың теңгеден ақша салынды. Мұны Алла алдындағы зекетім деп біледі. 
Көмек алған отбасылар мен өзге жандар аяулы әжемізге алғысын айтты. 
"Сізге Алла ұзақ ғұмыр берсін. Ұрпағыңызға сауабы болсын", "Жүз шақты адамға 70 мың теңгеден беру оңай емес, Алла сізге разы болсын", "Бұл ісіңіз үлгі болып, өзге де азаматтардың зекет беруін нәсіп етсін", - деді көпшілік. 
Әжейге Алла ұзақ ғұмыр беріп, тілеуін қабыл етсін. 
22 мамыр 2020 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 990 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам