Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жанашыр жандар көпбалалы анаға баспана алып берді

Қызылордада жанашыр жандар көпбалалы анаға баспана алып берді

Қызылорда облысы Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде жанашыр азаматтар көпбалалы ана Райкүл Балмахановаға жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл игілікті іс «Хикмет» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асты. Қайырымдылық қорының өкілдері көпбалалы ананың Әдия есімді қызының ем алуына да қажетті қаржының сертификатын ұсынды. Қуанышты бөлісуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайрулла Әбенұлы, қайырымдылық қордың басшысы Азамат Болатбек келді.

«Біздің қордың жұмыс бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан көптеген тұрмысы төмен отбасына қол ұшын соза алдық. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы мен еліміздің бірқатар өңірінде баспанаға мұқтаж отбасыларға тұрғын үй тарту еттік. Сондай-ақ, төрт кісіге шетелде емделуге қаржы бердік. Қашанда жабырқағанның жанынан табылып, сүрінгенге демеу болу – қазақ халқының бойындағы асыл қасиеттің бірі емес пе?», - дейді қайырымдылық қордың төрағасы Азамат Болатбек. Бұдан бұрын Қызылордада баспанасыз жалғызбасты анаға ауылдастары үй алып берген еді. Сондай-ақ, Қызылордада волонтерлер мұқтаж отбасыларға үшінші баспана салып жатыр.
22 мамыр 2020 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 967 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам