Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Томирис топ жарды

Томирис топ жарды

XIV Халықаралық «Математика және жобалау» байқауының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Томирис Жұмағалиева бірінші орынды иеленді.
Аталмыш білім бәйгесінде Томирис «Табиғаттағы және қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері» секциясына қатысып, оған өзінің «Күрделі эпициклоидтардың, гипоциклоидтардың және трактрисалардың математикалық моделін әзірлеу» жобасын ұсынды.
«Егер біздің айналамыздағы заттарға мұқият қарайтын болсақ, олардың барлығын түзу сызықтар арқылы бейнелеуге мүмкін еместігін байқауға болады. Көптеген заттар қисық сызықтардың күрделі элементтері бар кескіндерден құралған. Күрделі эпициклоидтарды, гипоциклоидтарды және трактрисаларды зерттеу арқылы біз Geogebra математикалық бағдарламасында қисықтардың анимациялары мен олардың теңдеулерін шығардық», – деп түсіндірді жұмысын Томирис.
Құрылған математикалық модельдерді зымыран құрастыру, роботототехника, сәулет-құрылыс, оптика және тағы басқа салалардағы өнімдердің күрделі пішіндерін жасау үшін қолдануға болады.
Томиристің бұл жұмысы халықаралық байқауда қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, бірінші орынмен марапатталды. Жалпы еліміз бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері командасының жеңіс қоржыны 4 алтын, 3 күміс және 8 қола медальдарымен толықты.
Айта кету керек, математика және информатика пәндері бойынша халықаралық білім сайысы жыл сайын дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер Қауымдастығының бастамасымен Мәскеу қаласында өткізіледі. Биылғы байқау ұйымдастырушылардың шешімімен онлайн форматта жүргізілді.
22 мамыр 2020 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 987 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам