Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада 25 мамырдан бастап дүкендер мен базарлар жабыла ма? – ресми орган жауабы

Қызылордада 25 мамырдан бастап дүкендер мен базарлар жабыла ма? – ресми орган жауабы

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті WhatsApp мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан «25 мамырдан бастап төтенше жағдай енгізіледі» сарындағы ақпаратқа нақты жауап береді.
Атап айтсақ, облыста коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Ауру жұқтыру жағдайлары әлі де тіркелуде. Халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалары мен нысандарының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен кезең-кезеңмен рұқсат берілуде.
Алайда күнделікті жүргізілетін мобильді топтың рейдтері барысында анықталғандай, бірқатар нысандарда санитарлық-дезинфекциялық талаптар сақталмайды, қауіпсіздік шараларына бей-жай қарайтын тұрғындар да жоқ емес.
Сақтық шараларына салғырттық таныту ауру өсімінің өршуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде карантиндік режимді күшейтуге,тіпті жекелеген нысандарды қайта карантинге жабуға себеп болуы әбден мүмкін.
Карантиндік режим қайтадан күшейтіледі деп нақты айту қиын. Барлығы эпидемиологиялық ахуал динамикасына байланысты.
Ал эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және адамдардың тыныс-тіршілігіне қажетті нысандардың тұрақты жұмыс жасауына бірден-бір үлес қосатын әрбір тұрғынның өзі, яғни қойылған санитариялық ережелер қатаң сақталған жағдайда ауруды өршітуге жол берілмейді. Сондықтан тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-дезинфекциялық талаптарды орындауға шақырамыз.
23 мамыр 2020 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 990 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам