Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АШХАБАДТА V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ АЯҚТАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАН - ТӨРТІНШІ ОРЫНДА

АШХАБАДТА V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ АЯҚТАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАН - ТӨРТІНШІ ОРЫНДА


Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өткен V Азия ойындары бүгін өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі аптаға созылған додада қазақстандық спортшылар 28 алтын, 28 күміс, 40 қола, барлығы 96 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Бас жүлдені жергілікті түрікмен спортшылары қанжығасына байлады. Олар жалпы саны 245 медаль жеңіп алды, оның 89-ы - алтын, 70 - күміс және 86 - қола.
Екінші орынға Қытай спортшылары орналасты. Олардың еншісінде 42 алтын, 32 күміс, 23 қола, жалпы 97 медаль бар.
Үшінші орынға 36 алтын, 23 күміс, 59 қола, барлығы 118 медальмен Иран құрамасы жайғасты. Қазір Ашхабадта V Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты өтіп жатыр.
Еске салайық, 62 мемлекет қатысқан байрақты додада ел намысын Қазақстанның 150 спортшысы қорғады. Олар жарыстың 17 түрінен сынға түсті.
Азия ойындары деп аталған спорттық сайыс екі жылда бір рет Азия Олимпиадалық кеңесінің бақылауымен өтетін. Ең алғашқы ойындар 2005 жылы Бангкокта өтсе, одан кейін 2007 жылы Қытайдың Макао, 2009 жылы Вьетнамның Ханой, 2013 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қалаларында ұйымдастырылды. Жарыстар өткізілген соңғы жылы Азия ойындары жауынгерлік өнер түрлері бойынша Азия ойындарымен біріктіріліп, оны 4 жылда бір рет өткізу туралы шешім қабылданды.
Биыл Ашхабадта жалауы желбіреген Азия ойындары «Денсаулық. Қайрат. Достық» ұранымен өтті. Азиаданың ресми нышаны ретінде Вепала есімді алабай иті таңдап алынды. Ол түрікмен тілінен аударғанда - «адал», «сенімді» деген мағынаны білдіреді.
Жарыстар шахмат, теннис, тай боксы, қазақ күресі, самбо, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, баскетбол, ат спорты, бильярд, боулинг, спорттық билер, футзал сынды спорттың 21 түрінен өтті.
28 қыркүйек 2017 ж. 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 841 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам