Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰБТ-2020: ережелері мен талаптары

ҰБТ-2020: ережелері мен талаптары


Биыл ҰБТ алғаш рет жаңа жағдайда өтеді: түлектер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтауы тиіс.
Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, оған 130 мыңнан астам адам қатысады.

ҰБТ-2020 туралы не білу керек

Түлектер қатаң санитарлық нормаларды сақтауы тиіс:
  • аудиторияларда әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және маска кию міндетті;
  • аудиторияларда желдету және ауаны зарарсыздандыру жүйесі қамтамасыз етіледі.
ҰБТ өткізу пунктеріне кіретін жерде дезинфекциялық тоннельдер мен тепловизорлар орнатылады.

Шекті балл қанша

  • Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін – 70 балл
  • ұлттық жоғары оқу орындарына немесе медициналық мамандықтарға – 65 балл
  • агроөнеркәсіп кешені мамандықтарына – 60 балл
  • қалған жоғары оқу орындарына – 50 балл.

ҰБТ тапсыру ережесі

Түлектер үшін тыйым салынған заттар туралы талап қатаңдатылды. Егер бұған дейін абитуриенттен тыйым салынған зат табылса, ол тестілеуге қатыса беретін, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап оқушы емтиханға кіргізілмейді. Ал ҰБТ тапсырып жатқан кезде тыйым салынған затпен ұсталса, тестілеу нәтижесі жойылады.

ҰБТ-ға қандай сұрақтар енбейді

Осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптағы төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтары кездеспейді.

sputniknews.kz

15 маусым 2020 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 601 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам