Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Білімнің басты сынағы

Білімнің басты сынағы


Бүгін – тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан мектеп түлектері үшін сын сағаты. Он бір жылдық білім сарапқа салынбақ.
Биыл елдегі шектеу шараларына байланысты ұлттық бірыңғай тесті¬леу өзгеше форматта өтеді. Қауіпті вирусқа қарсы сақтық шарасы ескеріліп, бірқатар өзгеріс жасалған. Одан бөлек қатаң тәртіп тағы бар. Өткенде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов осыған байла¬нысты брифинг өткізіп, жаңа талапты түсіндірген болатын. Енді міне, сол бойынша түлектердің алғашқы легі маңызды сынаққа қатысуда.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қала бойынша 1716 оқушы қатысады. Маңызды сынақ жылдағыдай «Мұрагер» мектебі мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ №5 оқу ғимаратында өткізілуде. Атап өткеніміздей, сақтық шарасына баса мән беріліп, тестілеу ғимаратының кіре берісіне 4 дизинфекциялық себезгі қойылған. Сондай-ақ ол аумақта талапқа сай 3-еуден артық адамның жүруіне тыйым салынған. Сондықтан ата-аналардың бұрынғыдай баласын есік алдында күтіп тұруына мүмкіндігі жоқ. Ал оқушыларға бұл күні өзімен бірге 100 мл-ден аспайтын антисептик құрал мен бетперде, 0,5 литр газ¬далмаған су алып кіруге рұқсат.
Шілде айының 5-іне дейінгі аралықта тестілеуге қалаға қарасты 11 ауылдық мектептің оқу¬шы¬лары да қатысады. Оларды тасы¬малдау күшейтілген санитарлық-дезинфек¬циялық режимді қатаң сақтау ар¬қылы ұйымдастырылады. Сонымен бірге, оқушылардың жолдағы қауіп¬сіз¬дігі үшін қалалық ішкі істер басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
Оқушылар мен ата-ана көңілі алаң¬даулы, жүрек қобалжулы. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» демекші, бұйырғанын уақыт көрсетеді. Белгі¬лісі, биыл педагогикалық мамандық¬қа – 70, ұлттық жоғарғы оқу орны мен медицина саласына – 65, агро¬өнеркәсіп кешені мамандығына – 60, өзге оқу орындарына 50 балл жинаған түлектер түсе алады.

Айдана СЕЙІЛ
20 маусым 2020 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 634 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам