Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қамыстың пайдасын немістер біледі

Қамыстың пайдасын немістер біледі


Сыр өңірінің өнімдері қай кезде де әлемдік аренада зор сұранысқа ие. Бір ғана балығының өзі талай елдің таңдайын қақтырса күріші күллі әлемге аян. Одан бөлек бақша дақылдары да экспортталуда. Енді міне Сырдың сары қамысы да шетелге шығарылуда.
Қамыс қызылордалықтар үшін жай ғана мал азығы мен тұрғын үй құрылысына қажетті тауар ретінде танылады. Оның басқаша игілігін біздің елде біле бермейді. Осы өнімді өзге ел аттай қалап алдыратындай оның қандай орасан пайдасы бар? Оны болашақта біле жатамыз.
Бұл өнім биыл алғаш рет Германияға экспортқа шығарылып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметінше, Германияда қамыс үйлердің шатырына арналған тоқыма себетін жасауға пайдаланылатын көрінеді. Осы өнімнің күні бүгінге дейін 122,1 тоннасы Германия жеріне жеткізілген. Астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік жер шарында кеңінен таралған. Тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді екен.
Қазақстанда жерасты суы жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні – кәдімгі қамыс немесе құрақ. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады. Одан химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқар­ма­сының мәліметінше, қазіргі таңда, аймағы­мызда жыл басынан бері 13,9 млн долларды құрайтын 38,9 мың тонна ауыл шаруашы­лығы өнімдері экспортталған. Ол былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116,7% артып отыр.
Шетелден балық, күріш, бидай қалдығы, қамыс өнімдеріне сұраныс жасалған. Облысы­мызда өндірілетін өнімдер Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Польша, Германия, Литва және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

20 маусым 2020 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 601 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам