Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Стационарға кімдер, қандай жағдайда жатқызылады?

Стационарға кімдер, қандай жағдайда жатқызылады?


ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде стационарға кімдер, қандай жағдайда жатқызылатынын айтып берді. 
«ПТР диагностика жасаған кезде пациенттер симптомсыз және симптомды болып екіге бөлінеді. Ешбір клиникалық өзгерістері байқалмаған, бірақ коронавирус нәтижесі оң болған пациенттер, вирустың жеңіл түрін жұқтырған науқастар амбулаториялық ем қабылдайды, яғни, бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) дәрігерінің бақылауында болады. Жалпы, халық аурудың жеңіл түріне қандай жағдайларда жатқызуға болатынын түсінуі керек. Оның негізгі белгілері – тыныс алуда қиындықтың болмауы, температура мөлшері 38°C -тан төмен немесе мүлдем жоқ, жеңіл катаральды белгілердің (тамақтың қызаруы, қышуы, мұрынның бітелуі, жеңіл жөтел) байқалуы, жүрек қағысының минутына 60-80 рет соғуы», – деді ол.
Ләззат Ақтаеваның айтуынша, пациентте интоксикация белгілері байқалса, оның жағдайы ауыр деп бағаланып, стационарға жатқызылады.
«Егер пациентте интоксикация белгілері байқалса, мысалы, бастың ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы, температураның 38°C-тан жоғары болуы, тыныс алуда қиындық туындаса, ентігу байқалса, бұл коронавирус инфекциясының ауыр түрі жұқты деген сөз. Мұндай науқастар стационарлық емдеуге жатқызылуы тиіс», – деді Ақтаева.
22 маусым 2020 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 635 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам