Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс


Сыбайлас жемқорлық – кең етек алып отырған қауіпті кеселдердің бірі. Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде атсалысуда. Осыған орай «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес және алдын алудың жүйелі шаралары қолға алынуда.
Мәселен, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қанағаттандыру негізінде, халықпен тығыз байланыста көптеген жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – электронды үкіметтің www.egov.kz порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асады. Ғылым мен техника дамыған кезеңде архивтік анықтамаларды алудың халыққа ыңғайлы тәсілі де енгізілген. www.egov.kz порталы арқылы электронды сандық қолтаңбамен кез-келген азамат үйде отырып-ақ архивтік анықтама алуға өтініш жіберіп, жауабын да электронды нұсқада ала алады. Мұның барлығы халық қажеттілігі үшін жасалған игі бастама, сыбайлас жемқорлықты болдырмау барысында қолға алынған нәтижелі іс десек қателеспейміз.
Жалпыға қолжетімді жүйелер арқылы келіп түскен электронды құжат және электронды сандық қолтаңба Қазақстан Республикасының заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, архивтік анықтама беру барысында өтініш берген жеке және заңды тұлғаларға сұратып отырған мәліметін белгіленген уақытынан кешіктірмеу, ақпарат беруден негізсіз бас тартпау, бұрыс немесе толық емес ақпарат беруді болдырмауға үлкен мән беріледі. Қазіргі таңда архив қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындауда, архивтік анықтама беру барысында халықты сапалы қызметпен қамтамасыз етіп келеді.
Сондықтан, аталған бастамалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытындағы негізгі қадам екені сөзсіз

Алия БАСАНОВА
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің
қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының архивисті
22 маусым 2020 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 634 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам