Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 30 минут: Аз ба, көп пе?

30 минут: Аз ба, көп пе?


ҚР Білім және ғылым министрлігінің бала құқықтарын қорғау комитеті жүргізген зерт¬теулері нәтижесінде отбасылар тәулігіне бала¬ларына 30 минуттан аз уақыт көңіл бөледі екен. Аталған мәселенің маңыздылығын ескере оты¬рып, облыстық жастар ресурстық орталығы «Тату отбасы» тақырыбында отбасылық онлайн марафонын ұйымдастырды.
Оған қатысуға 212 отбасы ниет білдіріп, іріктеуден өткен 102 отбасы тиісті тапсырмаларды орындап, марафонды ойдағыдай аяқтады. Оның ішінде 65 жас отбасы, 11 көпбалалы отбасы бар.
Бір апталық марафон аясында қатысушылар сайыс ережесіне сәйкес, смартфонсыз күн өткізді, отбасымен бірге театрлық қойылым қойды. Отбасы шежіресін айтып, балаларына жеті ата жаттатқызып, енді бірде отбасы мүшелері журналист болып, балалары ата-аналарынан, ата-аналары балаларынан маңызды сұрақтар бойынша сұхбат жүргізді. Тәттілер пісіріп, табиғат аясында серуенге шықты.
Облыстық жастар ресурстық орталығы директоры Бауыржан Мастековтың айтуынша, карантин кезінде республикалық сенім телефонына отбасылық кикілжіңдер, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 150-ге жуық хабарлама келіп түскен. Онлайн байқау осындай жағдайлардың алдын алуға, отбасы құндылығын насихаттауға, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын жақсартуға, балаларға көбірек көңіл бөлуге бағытталып отыр.
Марафонға қатысушылар өз кезегінде күнделікті тапсырмаларды асыға күтетінін, сайыс қызықты да тартысты болғанын атап өтті. Отбасы мәселесі мәңгілік өзекті тақырып. Сондықтан бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жалғасын таба бермек.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

23 маусым 2020 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 635 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам