Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Симптомсыз инфекция

Симптомсыз инфекция



Карантин режимінен енді босаған жұртшылықты тәжді вирустың өршуі алаңдатып отыр. Инфекцияның барына онша сене қоймаған халық осы күндері үрейленіп жүр. Себебі, бүгінгі таңда бұл тажалдың симптомсыз түрі кең таралуда.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов науқастар арасында дене қызуының көтерілу белгісі мен өкпенің қабынуы жиілегенін атап өтті. Сала басшысының айтуынша, облыста қазір осы дертті жұқ¬тырған 560 науқас бар. Оның 305-сі қала тұрғыны. Ал қалған 50-і Арал, 7-еуі Қазалы, 8-і Қармақшы, 9-ы Жалағаш, 35-сі Сырдария ауданында тіркелген. Өкінішке қарай, өңірдегі екі ауданда бұл көрсеткіш жоғары. Жаңақорғанда – 69, Шиеліде – 80 адам вирус жұқтырған.
Бүгінде симптомсыз белгі 248 адамнан анықталған. Оның басым бөлігі қалалықтар, яғни 145 науқас. Ал 62-сі Жаңақорған, 13-і Жалағаш, 3-еуі Арал, 2-еуі Қазалы, 5-еуі Қармақшы, 6-уы Шиелі мен Сырдария ауданының тұрғыны. Кешегі күні қалада скринингтік тексеріс нәтижесімен симптомсыз тағы 2 дерек тіркелді.
Қазір инфекциялық ауруханада 210 науқас ем алуда. Жансақтау бөлімінде 9 адам жатыр. Оның 3-еуі ауыр жағдайда, ИВЛ (өкпеге жасанды жел¬деткіш) аппаратына қосылған. Вирус жұқтырған науқастармен байланыста болғандар оқшауланып, бақылауға алынған. Мәліметке сүйенсек, олармен 6 мыңнан астам адам қарым-қатынас жасаған екен. Жақын байланыста болған 3740 адам бар. Ал, 2389 тұрғынның вирус жұқтыруы мүмкін деген болжам бар.

А.СЕЙІЛ

23 маусым 2020 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 601 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам