Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰБТ: Бейнетрансляция өшіп қалған аудитория түлектері тестілеуді қайта тапсырады

ҰБТ: Бейнетрансляция өшіп қалған аудитория түлектері тестілеуді қайта тапсырады


ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ның төртінші күнін қорытындылады.
«ҰБТ-ның төртінші күні 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды. Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш – үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Тоғыз түлектің қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, емтиханды өткізу процесін бақылаудың нашар болуына байланысты білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департаменттер мен Арнайы бақылау тобы өкілдерінің ұсынысымен екі аймақтағы мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды.
«Мемлекеттік комиссиялардың жаңа мүшелері ретінде қоғам қайраткерлері, облыстың белсенді мұғалімдері, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бекітілді. Сондай-ақ тестілеу өткізу пунктеріндегі бақылауды күшейту мақсатында ҰБТ өткізуде сын-қатер мүмкін өңірлерге Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері жіберіледі», – дейді министрлік.
Түркістан облысында орналасқан екі пунктіде (Шәуілдір ауылы, Жетісай қаласы) және Шығыс Қазақстан облысындағы екі пунктіде (Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы) ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуына және бейнетрансляцияның өшуіне байланысты емтихандар басқа күнге ауыстырылды.
ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың мәлімдеуінше, бұл пунктерде талапкерлер 27 маусым (Аягөз қ., Ақсуат а., Шәуілдір а.) және 2 шілде күндері (Жетісай қ.) тестілеуді тапсыру мүмкіндігіне ие болады және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады.
Естеріңізге салайық, биыл мектеп бітірушілер мемлекеттік емтихандарды тапсырудан босатылды, талапкерлерге калькулятор пайдалануға рұқсат берілді, сондай-ақ тестілеу уақыты ұзартылды.
25 маусым 2020 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 601 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам