Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аймақ басшысы Сыр журналистерін құттықтады

Аймақ басшысы Сыр журналистерін құттықтады



Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ақпараттық сала – қазіргі заманғы мәдениеттің жаһандық және нақты ұлттық өлшеміндегі бөлінбес бөлшегі» – деген болатын. Технологиялардың қарыштап дамуы әлемдегі ақпарат алмасу жылдамдығын еселеп арттырып, медиа саладағы бәсекелестікке әкелді, әрі журналист мамандығына айрықша жауапкершілік жүктеді.
Қазіргі қоғам үшін журналист жеделдік пен шынайылықты, икемділік пен біліктілікті бойына сіңірген, мәселені жан-жақты зерттеп, талдап, көрермен мен оқырман назарына ұсынатын кәсіби, әмбебап маман.
Сіздер ғаламдық даму көшіне ілесу мақсатымен елімізде және өңірімізде жасалып жатқан тың реформаларды халыққа түсіндіріп, насихаттау арқылы аймағымыздың дамуына ақпараттық қолдау көрсетіп келесіздер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес былтыр Үкімет қаулысымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні бекітілді.
Топырағы киелі Сыр өңірін мемлекетшіл, халықшыл журналистердің алтын ұстаханасы деп атасақ, қателеспейміз. Аймақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуына елеулі еңбек сіңіргендердің арасынан Асқар Тоқмағанбетов, Қалқабай Әбенов, Мырқы Исаев, Нұрділдә Уәлиев, Евгений Хан, Ахат Жанаев, Сахитжан Бермағанбетовті және т.б. атап өтер едім.

Пандемиямен күрес кезінде қауіп-қатерді елеместен, халыққа қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізіп, тынбай атқарған қызметтеріңіз үшін Сыр елі халқы атынан зор ризашылығымды білдіремін.

Ел өмірінің әрбір жетістігін өз жетістігім деп біліп, қиындығына жүрегімен беріліп, әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысатын барша баспасөз, теледидар, радио, интернет басылымдары қызметкерлерінің еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін.
Жеткізер жақсылықтарыңыз таусылмасын, қаламдарыңыз мұқалмасын!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Жақындарыңызға жанашыр болыңыз!
Біз біргеміз!
26 маусым 2020 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 634 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам