Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шілденің аналарға шапағаты

Шілденің аналарға шапағаты


Шілде айы көпбалалы аналар үшін жағымды жаңалықтармен басталмақ. Елімізде жәрдемақы мөлшері артып, балалар несібесі арта түспек. Бұл жаңалық төрт және одан да көп баласы бар аналарды қуантқаны рас.
Жыл басынан бері елімізде көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақыны 400 мыңға жуық отбасы алған.  2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақы енгізілгені белгілі. Аталмыш жәрдемақы төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға тағайындалған еді. Мемлекеттен берілетін көмектің мөлшері бала санына байланысты. Мәселен, төрт және жеті баласы бар отбасылар 44448 теңгеден 77784 теңгеге дейін ала алады. Бұл жәрдемақы елімізде 392 мың отбасына төленген.
Дегенмен, қолданыстағы ережелер жәрдемақы алушылардың белгілі бір санатының мүдделеріне нұқсан келтірді. Себебі, 16 баласы бар отбасы 7 баласы бар отбасы сияқты жәрдемақы мөлшерін алатын.
Бұл олқылықты жою үшін Мемлекет басшысы биылғы жылдың 13 мамырында 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды. Сонымен, 8 балалы отбасы үшін жәрдемақы – 88896 теңге, 9 балаға – 100008 теңге, 10 балаға – 111120 теңге, 11 балаға – 122232 теңге, 12 балаға – 133344 теңге, 13 балаға – 144456 теңге, 14 балаға – 155568 теңге, 15 балаға – 166680 теңге, 16 балаға – 177792 теңге мөлшерінде белгіленген. Жаңа заңға сәйкес, бала санына байланысты, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім нысанының күндізгі бөлімінде оқитын (23 жасқа дейін) балаларды есепке ала отыра жәрдемақы мөлшері қайта есептеледі. Сонымен 1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жаңа жәрдемақыны ала бастайды.
– Әр баланың өзінің несібесі бар. Сондықтан жолдасым екеуміз көпбалалы отбасы болуды қаладық. Он баланы дүниеге әкелдім. Қазіргі таңда үлкені жұмыс істеп, бізге қолғабыс етуде. Аллаға шүкір, несібелері бар. Мемлекет те көмегін аяған емес. Көпбалалы ана ретінде елімізде көрсетіліп жатқан көмектерді алып келемін. Биыл төрт және одан көп баласы бар аналарға жәрдемақы тағайындап, көптеген ананың алғысына ие болды. Енді шілде айынан бастап жаңадан өзгеріс енетінін естіп, қуанып отырмыз. Екі балам кәмелеттік жасқа болып кеткендіктен, 8 балаға 88 896 теңге көлемінде жәрдемақы алады екенмін. Бұл мемлекет тарапынан үлкен көмек, – дейді он баланы дүниеге әкелген «Алтын алқа» иегері Гүлбану Жеткербаева.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

27 маусым 2020 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 568 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам