Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Халықтың БАҚ-қа сенімі артты

Халықтың БАҚ-қа сенімі артты


Аймақтың ақпарат кеңістігінде БАҚ құралдарының орны өлшеусіз. Бүгінде өңірде 100-ден аса бұқаралық ақпарат құралы бар. Қай кезеңде де жаңалық жаршысы болып, қоғамның түйткілін тарқатуда алдыңғы шептен табылатын журналистердің еңбегі ерекше.
Сыр тілшілерінің атқарған жұмысын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Журналистер одағының Қызылорда облысындағы филиалының төрағасы, «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директоры Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді. Әсіресе, еліміздегі пандемия кезіндегі олардың мамандығына деген адалдығы мен өлшеусіз еңбегін айрықша атап өтті.
– Рас, қызылордалық журналистер коронавирус індеті жайлаған кезеңде де прогресшіл қалпынан айныған жоқ. Жалпы пандемия басталғалы полиция, дәрігер мамандарымен қатар журналистерге де үлкен жауапкершілік жүктелді. Олар халыққа шынайы, сенімді, толыққанды ақпарат жеткізу үшін оқиға ортасына барып, тікелей байланыстарға шығып, сала мамандарынан сұқбат алуда. Өкінішке қарай, сөйтіп жүріп аты жаман ауруды жұқтырып алған әріптестеріміз де бар, – деді ол.
Халыққа шынайы ақпарат таратып, елді түрлі дақпырттан сақтандырған тілшілер қауымына алғысын білдірген Аманжол Сақыпұлы, жұртшылықтың БАҚ-қа деген сенімі артқандығын атап өтті. Осылайша, билік пен бұқараның алтын көпіріне айналған журналистердің еңбегін бағалады. Сондай-ақ, облыстағы ең ірі медиахолдинг «Сыр медиа» серіктестігінің атқарған жұмыстары, алдағы жоспарымен де бөлісті. Енді Сыр тілшілерінің құқығы мен мүддесін қорғауға, қолдауға ерекше көңіл бөлінбек.

Ақмешіт-ақпарат
27 маусым 2020 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 635 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам