Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жұма күні нан тегін

Жұма күні нан тегін


Жүрегінде иманы бар азаматтар ортамызда  аз емес. Бүгінгі күнді ақша билеген, құлқынға құл болған заман деп сөгіп жатамыз кейде. Бірақ мәселеге терең үңілсек, қоғам соншалықты бүлініп кетпегенін, қарапайым жұрт ішінде жақсылық жасауға асығып тұратын адамдар аз еместігін көреміз. Солардың бірі –   Ғалия Асанова. Оның қаһармандық ерлігі жоқ. Өнерімен, талантымен де елге танымал да емес. Оны даралап тұрған бір қасиет – жанының қайырымдылық пен ізгілікке жақындығы. Қайырымды нәзік жан өзінің «Димаш» шағын маркетінде жұма сайын халыққа тегін ыстық нан үлестіреді. Осы жасаған жақсылығы, халыққа көрсеткен қызметі ерлік, қаһармандық емей немене?!
Өмірде көп адамның сөзі көп те, ісі аз болады, мақтағанды, мақтанғанды жақсы көреді. Ал, Ғалиядай үндемей-ақ жақсылық жасайтын, оң қолы берген садақаны сол қолы көрмейтін кісілер өте сирек.  Ол қайырымдылығы жайлы газетке жазғанымызға қарсы болды. «Бұл ізгілікті ісіңіз өзгелерге насихат болсын» деп біз қолқа салып қоймаған соң ғана келісті.
– Аптасына бір мәрте жақсылық жасағаннан қолға алған шаруам жүдеп қалмайды. Қайта тұрғындардың ризашылығын аламын.  Жұмада дүкенге түскен нанды тұрғындарға тегін таратуды бастадық. Алғашқыда біздің бұл әрекетіміз тұтынушылар үшін мүлде күтпеген жаңалық болды. Олар тосырқап, рас па, өтірік пе дегендей, біртүрлі сенбей жүрді. Уақыт өте келе олардың да бойлары үйренді. Бүгінде жұма күні тегін нан алушылар қатары көбейіп, түстен кейінге сөреде нан қалмайды. Бұл үрдіс әсіресе, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, жетім-жесірлерге өте тиімді болды. Олардың шын көңілдерінен айтқан ризашылықтары, ниеттеріңіз қабыл болсын деген тілектері бізді қанаттандырып жіберді. «Көп түкірсе – көл» дегендей, көпшіліктің осынау жүрекжарды тілегінің арқасында саудамыз жанданып, бізді қанаттандырды, – дейді Ғалия.
Жеке кәсіпкер дүкенді 2017 жылы ашқан. Содан бері тегін нан таратуды үрдіске айналдырған. Жұма сайын шамамен 100-ге жуық нанды халыққа таратады. Тіпті айналасындағы тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік үлестіреді екен. Бүгінде Ғалияны «Еңбек» саяжайы тұрғындарының бәрі танып алған. Кәсіпкер осылайша жергілікті тұрғындардың алғысына бөленіп жүр.
Алла Тағала адамды екі көзді етіп жаратқанның сыры өмірде бір көзімен жақсылық, қайырлы амалдарды көрсе, екіншісімен жамандық әрекеттерін көреді. Бірақ сол екі амалды айырып, біреуін таңдау үшін ортасына ақылды берген. Сол ақылға дұрыс таңдау беру әрбір адамның парасатына байланысты болмақ. Француз математигі Блез Паскаль: «Кімде кім жақсылықты игі ниетпен жасаса ол кәміл адам, ал кімде кім жақсылықты пайда көруді ниеттеніп жасаса ол жарым адам» деген екен. Ізгіліктің лебі сезілген дүкеннен шығып бара жатып, осы сөз ойыма орала берді.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ
27 маусым 2020 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 568 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам