Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ескі үйлер жаңарып жатыр

Ескі үйлер жаңарып жатыр

Бүгінде қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмысын жүргізу бір жүйеге түскен. Жыл сайын он шақты үйдің сыртқы әрлеу, жаңғырту шаралары жоспарлы түрде орындалып келеді. Биыл да аталған тірлік аяқсыз қалмай, шаһар аумағындағы 32 көп қабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қолға алынған күрделі жөндеу жұмыстары қызыл­ордалықтар үшін үлкен мүмкіндік көзіне айналды. Түрлі түске боялған көпқабатты тұрғын үйлер сәндік бейнесімен ғана емес, заманауи құрылыс талаптарына жауап беретін артықшылығымен де ерекше.
– Бағдарламаның тұрғындар үшін тиімді тұсы үй иелері жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдайды. Яғни, бағдарламаның талабына сәйкес, ең алдымен тұрғындардың кемінде 70%-і келісуі қажет. Таңдаған мекеме жұмысын тұрғындар арасынан сайланған белсенді топ толық бақылауда ұстап, қадағалайды. Жөндеу жұмыстарына қатысты тұрғындардың сын-ескертпелері болса, мердігерге жеткізе отырып, өзгертулер енгізе алады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары аяқталғанда үйді қабылдап алуға да белсенді топ мүшелері атсалысады, – деді қала әкімінің орынбасары Е.Бердібаев.
Бұған дейін аталған жоба арқылы 134 көп пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне берілген. Сала мамандары алдағы уақытта шаһар аумағындағы жөндеу жұмысын қажет ететін басқа да тұрғын үйлерді назарға алмақ.
–«Универсам» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тозығы жеткені жасырын емес. Себебі, көбісі Кеңес заманында салынған. Тозығы жетіп, ескірген. Ширек ғасырға жуық жөндеу көрмеген үйлер де бар. Шатырдан су ағу, жылу құбырлары мен кәріз жүйесінің нашарлауы секілді мәселелер тұрғындары мезі қылған еді. Сондықтан, модернизация жүргізілуі халыққа үлкен қуаныш сыйлауда. Оның үстіне, мердігерді өзіміз таңдап, құрылыс барысын қадағалауға да мүмкіндік алдық. Тек құрылыс жұмысы сапалы жүргізілсе болғаны. Осындай қолдау білдірген әкімшілік өкілдеріне тұрғындар атынан алғыс айтамын, – дейді Ғ.Мұратбаев 36-үйдің  тұрғыны Алуа Піржанқызы.
Тұрғындардың ерекше қуануының себебі бар. Бір мәрте сапалы жүргізілген жаңғырту жұмыстары тұрғындардың ұзақ уақыт уайымсыз отыруына себеп болады. Демек, жертөлеге су жиналу, қабырғаның ылғалдануы  секілді маусымдық мәселе шешімін тауып, жайлы баспанада қиындықсыз күн кешуге болады деген сөз.
Айта кетейік, облыс орталығындағы жалпы саны 815 көп қабатты тұрғын үйдің 426-сы жөндеу жөндеу жұмысын қажет етеді. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында қала аумағындағы тағы 26 үйді жаңғыртуға бюджеттік өтінім ұсынылған.
Е. БАЛТАБЕКҰЛЫ
30 маусым 2020 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 635 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам