Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-нің директоры Манат ТІЛЕУОВА:«Үміт ұясы» үміттерді жалғайды

«Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-нің директоры Манат ТІЛЕУОВА:«Үміт ұясы» үміттерді жалғайды

Бұлжер «Үмітұясы» депте аталады. Себебі, біз сөз еткелі отырған орталық өмірдің қиындығына ұшыраған жандарға үміт сыйлап, алғатал пынуға көмектеседі. Мұндағы жандар денсаулығын түзеп, рухани күш жинайды. Өйткені, олармен білікті мамандар жұмыс жасайды.


Елімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған және әлсіз топтарға ерекше мән беріліп, оларды қолдау бағытында ауқымды шаралар қолға алынған. «Олар үшін еліміз кедергісіз аймаққа айналуы тиіс» деген мақсатта жұмыстар жүруде. Аймақта «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» 2012 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Біз «үміт ұясына» айналған мекеменің жұмысымен танысып, мұндағы жандардың жағдайын білуді жөнкөрдік. Осы мақсатта «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-ніңдиректоры Манат Тілеуовамен сұхбаттасқан едік.

– Орталықтың жұмысы жөнінде айтып өтсеңіз...
– Аталған мекеме бірінші және екінші топтағы мүгедектерге және егде жастағы өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын азаматтарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде. Қызмет алушыларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін орталыққа жіберу облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жолдамасы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл әлеуметтік орталық 1-2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамнан тыс қалдырмау, оларға қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіру, өмірге деген құлшыныстарын арттыру, қоршаған ортада өздерінің үлестерін қалдыру, оларды белсенді өмірге тарту жолында және денсаулығын жақсарту мақсатында жұмыс жасайды.
– Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай жағдай жасалған?
– Сөзіміз дәлелді болу үшін орталықтағы көрсетіліп жатқан көмек, жұмыс барысы жайлы атап айтайын. 150 адамға арналған бұл орталық мүмкіндігі шектеулі жандарға жеті бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Ашылған уақыттан бастап 8 жыл ішінде көптеген мүмкіндігі шектеулі жандар осы жерден өз жұбын тапса, өз аяқтарына тұрып денсаулығын жақсартқан және еңбекке бейімделіп, өз кәсібін ашып, жұмысқа тұрып дәл осы орталықта сахна мәдениетін үйреніп, қазіргі танда сахна төрінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген азаматтарымыз да аз емес.
Орталық заманауи медициналық құрылғылармен жабдық­талған. Атап айтсақ: жүру имитаторы, мүгедектерге арналған электростимулятор, 11 дана тренажерлар, 4 дана ванна көтергіші және 1 дана тірек-қимыл аппараттарын емдеуге арналған терапиялық тренажер алынып, өз нәтижелерін беруде.
Айта кету керек, республиканың үш облысында ғана бар теңдесі жоқ «Локомат» компьютерленген аппаратының біреуі бізде. Бұл аппараттың көмегімен тірек-қимыл жүйесі бұзылған азаматтар өз аяғымен жүруге мүмкіндік алды және арнайы сумен емдеу бөлмесіне арнайы құралы алынып қол арбаға таңылған азаматтардың еркін түрде қозғалуына көмек жасалды.
– Көбінесе қанша жастағы кісілер орталық көмегіне жүгінеді?
– Орталықта 18 жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін, тәуліктің күндізгі уақытында (күніне төрттен он сағатқа дейін), (6-ай мерзімге дейін) қажетіне қарай қызмет алушы басқа елді мекенде тұрған жағдайда және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін (жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша) оңалту орталықтарында жатуын қамтамасыз ете отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. 2019 жыл қорытындысы бойынша талдар болсақ, орталыққа 876 қызмет алушы қабылданды.
– Орталықтың негізгі мақсатына тоқталып өтсеңіз...
– Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кәсіби бағыт беру, олардың қабілетіне қарай жұмысқа тарту – негізгі мақсатымыз. Оңалту шарасымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ортаға бейімдеу, олардың өмірге деген құлшынысын оятып қана қоймай, өмірде өз орнын табуға септігіміз тиді деп айта аламыз. Орталық қызмет алушылары түрлі деңгейде өткізілген мәдени спорттық сайыстардың жеңімпаздары атанды. Олар орталықта оңалту шараларын қабылдап жүріп, түрлі сайысқа қатысып өз өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытып, басқа да азаматтарға үлгі бола білді. Атап айтсақ: Рабиға Ыдырысова, Айша Айтпенбетова, Несібелі Мүслімова еңбек бағытындағы жұмысқа араласып, қолөнер бұйымын жасауды үйреніп шықты. Нәтижесінде облыс әкімінің «Үздік қолөнер шебері» номинациясының иегерлері атанды. Белсенді жастың бірі Сағатбек Сиюов қалалық «Самғау» жастар сыйлығының иегері атанса, орталықтың 2017 жыл қоры­тындысы бойынша «Жыл адамы – 2017» атағын иеленді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлық жеткен жетістіктері жинақталған орталықтың арнайы «Қайсарлықты үлгі еткен жеті тағдыр» атты кітабы да осыған дәлел.
Атап айтарлығы, орталық ашылғалы бері көңіл-күйі жақсарып, аяқ-қолының қозғалысы, саусақтарында сезімталдық пайда бола бастаған, өздігінен тұра алатын жағдайға келген қызмет алушылар бар. Атап айтқанда, 2012-2019 жылдар аралығында 63 адам арбадан өз аяқтарына тұруға мүмкіндік алды. 75 қызмет алушы балдақ, қосалқы таяғын тастады. 213 адамның психоэмоционалдық жағдайы жақсарды және 63-нің сөйлеу мәнері дұрысталған. 347 адамның аяқ-қолы, дене-қимыл қозғалысы жақсарса, 230 адам тұрмыстық дағдыларға бейімделді. Сонымен қатар124 мүгедек 1-ші топтан 2-ші топқа, 2-ші топтан 3-ші топтық дәрежесі жақсарды.105 адам түрлі кәсіптерін ашып, тұрақты жұмысқа тұрды. Жыл басынан бері орталыққа қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жастар практикасымен 5 және қоғамдық жұмысқа 4 адам тартылды.
– Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өнерден құр алақан еместер бар. Оларға қандай мүмкіндік жасалуда?
– Орталықта әрбір мереке сайын мерекелік кеш ұйымдас­тырылады. Онда өзінің өнерімен көзге түскен және көрермен көзайымына айналған қызмет алушылар да аз емес. Мәселен, сахна мәдениетін үйреніп жоғарғы мәдени жетістіктерге жеткен қызмет алушылар  бар. Мысалы Роза Смағұлова «Арбада отырып билеу» өнерін меңгеріп, ҚР чемпионатында 1-орынды иеленген. Сая Абашова мен Ақнұр Сматова мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастардың облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалінде ІІ, ІІІ орынға ие болған. Отбасылы жас жұбайлар Дауренбек Қали мен Айгерім Оразбаева облыс әкімінің 150000 мың теңге сертификатына ие болып, сахнада еркін ән айтуды меңгерді.
Орталықтың фотостудиясында мүмкіндігі шектеулі азамат­тармен жұмыстар ұйымдастырылып, «Оңалту тынысы» газетін шығару жолға қойылды. Қазіргі танда 15-ші саны жарық көрді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында орталықтың тыныс-тіршілігімен, жаңалықтармен танысып, өз ойлары мен пікірлерін бөлісу үшін әлеуметтік желіде «Талсуат оңалту орталығы» па­рақшасы жүргізілуде. Онда орталықтың қызмет алушылары үкіметтік емес ұйымдар өкілдері тіркеліп, өз ойларымен бөлісуде. Орталықта өткізіліп жатқан мәдени іс-шаралардың мәліметі даярланып, әлеуметтік желіге жариялауда. Қызмет алушыға дағдарыстан шығуға түрлі тақырыпта топтық және жеке психологиялық кеңестер мен тренингтер беріліп, қолдау білдіруде.
– Орталыққа түрлі үкіметтік емес ұйымдар қолдау көр­сетіп отырғанынан хабардармыз. Сол жөнінде айтып өтсеңіз..
– Қазіргі танда еріктілер мен үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстар атқару басты назарда. Мәселен бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде орталықтың ауласына жылыжай орнатылып, қызмет алушылар өздері сол жерге қияр-қызанақ, гүл егу жұмысымен айналысуда.
Биылғы жағымды жаңалығымыздың бірі «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-сі базасы аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және БҰҰ Даму бағдарламасының бірлескен жобасы шеңберінде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді «Модельдік пәтер» құру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Бұл мүгедектерді әлеуметтендіруге және әлеуметтік-тұрмыстық оңалту проблемаларын шешуге бағытталған үлкен мүмкіндік. Қазіргі таңда «модельдік пәтердің» ішкі жөндеу жұмыстары өз мәресіне жетті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз жүріп-тұруына және оларға қолайлы жиһаздармен стандартқа сай жабдықталды. Аталған «модельдік пәтер» жобасының әрі қарай жұмыс істеуіне және тұрмыстық заттармен жабдықтау мақсатында бүгінгі танда БҰҰ-Даму бағдарламасы жоба жетекшілерімен бірлесе жұмыс атқарудамыз. Сондай-ақ, орталықтың алаңына «Абзал и К» компаниясының демеу­шілігімен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы спорттық алаң орнатылды.
«Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады» демекші мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірге деген құлшынысын арттыру, ортаға бейімдеу, олардың мүмкіндігін әрі қарай дамыту үшін жұмыс жасайтын біздің орталық әрі  қарай өз жұмысын жандандыра береді.
– Әңгімеңізге рақмет. Талай жандардың үмітін оятып, жүрегіне жылулық сыйлап отырған орталықта жетістіктер көбейе берсін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
Сұхбаттасқан Айтолқын АЙТЖАНОВА
30 маусым 2020 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 601 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам