Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда «корона-такси» пайда болуы мүмкін

Қазақстанда «корона-такси» пайда болуы мүмкін

Министрдің айтуынша, жақын күндері пациенттерді үйде емдейтін мобильді бригалар ұйымдастырылады. Жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуіне байланысты Қазақстанда "корона-такси" іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр елде жедел жәрдем бригадасы мен көліктер тапшылығы қатты сезіліп отырғанын айтты. Соңғы уақытта республикада жедел жәрдем шақырту 1,8 есе өскен. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіпті 2-2,5 есеге жетіп отыр.

"Қазіргі таңда отандық өндірістегі 807 жедел жәрдем автокөлігін жеткізуге келісімшарт бекітілді. Сондай-ақ, медициналық емес ұйымдардың, автопарктердің көлігін тарту арқылы "корона-такси" енгізу мәселесі пысықталуда. Бұл әлем елдерінің тәжірибесі. Ұсыныстар ведомстоаралық комиссияның қарауына енгізілді, олар бізді қолдайды деген үміттемін", - деді Цой онлайн брифингте.
Министр халықты тестпен қамту мәселесіне де тоқталды. Айтуынша, енді шақыртуға шыққан жедел жәрдем бригадалары да коронавирусқа тест жасайды.

Бұдан бөлек, таяуда пациенттерді үйде емдейтін мобильді бригалар ұйымдастырылады.

"Қазіргі жағдайда пациенттерге үйде медициналық көмек көрсету ең дұрыс шешім деп санаймыз. Амбулаторлық-емханалық көмек қашықтан жұмыс істеу форматына ауысады. Учаскелер деңгейінде 3 мыңға тарта мобильді бригада құру жоспарланып отыр", - деді министр.




01 шілде 2020 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 567 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам