Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒЫЛЫМҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСТАРЫ

ҒЫЛЫМҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСТАРЫ

 
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде ғылымға үлес қосып жүрген тәуелсіздіктің құрдастары, жас ғалымдары баспасөз конференциясын өткізді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-химиялық талдау әдістері инженерлік бейіндегі зертханасы бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жас ғалымдар күріш қауызынан белсендірілген көмір алуға болатынын дәлелдеді.
"Сыр өңірінің негізгі дақылы - күріш. Биылдың өзінде 500 тоннадай күріш егіліп, жиналды. Ал өнім жиналғаннан кейін тонналаған кебек пен қауызы пайдаға аспай, өртеледі. Біз сол іске асқысыз тасталған кебек пен сабанды ғылыми жұмысымызға пайдаландық. Күріштің қауызын әбден майдалап, арнайы пешке қыздырдық. Содан қара ұнтақ дайын болды. Бұл дәріханаларда сатылымда тұрған - белсендірілген көмір. Табиғи, арзан өнім шығардық", - деп түсіндірді физика-химиялық талдау әдістері инженерлік бейіндегі зертханасының жетекшісі Нұрбол Аппазов.
Бүгінде бұл зертханада 10 қызметкер жұмыс жасайды. Айта кетерлігі, оның төртеуі 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алған жылдарында дүниеге келген жастар екен. Олар -Тұрманов Рахымжан, Еспанова Индира, Жаппарбергенов Рахметулла. Жастардың ғылымға қызығушылығы зор. Ал, қазіргі таңда белсендірілген көмірге патент алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, ІТ-мамандар "Ақтөс" атты робот ойлап тапқан.
Сәбит Ибадулла, ҚМУ есептеу техникасы және ақпараттық технология кафедрасының меңгерушісі: "Ресейде оқып келдім. ІТ саласы бойынша біздің жас ғалымдар "Ақтөс" есімді қазақы ит роботын жасап шығардық. Ақтөс бүгінде төрт аяқтап жүру, отыру, жату, басын қимылдату қимылдарын ғана біледі. Енді иіс сезу, көру, интеллектуалды ойлау арқылы тапсырмаларды орындау қызметін үйретпекшіміз. Иттің денесі 3D принтер арқылы жасалған".
15 желтоқсан 2017 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам