Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Асхат Аймағамбетов: Жаңа ережелерді құрастырғанда барлық мәселені ескердік

Асхат Аймағамбетов: Жаңа ережелерді құрастырғанда барлық мәселені ескердік

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ерекше болды. Бастысы, ашықтық пен әділдік болуы қатаң қадағаланды. Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Фейсбук әлеуметтік желісінде «Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсы аяқталды, енді қорытынды жасауға болады. Өткен жылы академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін ережелерді қатаңдату туралы шешім қабылдадық» деп жазды.
– Осылайша, қолданып үлгерсе де, үлгермесе де тыйым салынған заттармен тестілеуге кірген талапкерлердің нәтижелерін жою туралы жаңа нормалар пайда болды. Тіпті, бұл заттарды алып кіруге әрекет еткендер емтиханға жіберілмейтін болды.
Бұрын металл іздегіш құралдар арқылы тексеру кезінде телефон табылса, алып қалатын едік, бірақ талапкер тестілеуге қатыса беретін. Мұндай ереже бұзушылар саны еліміз бойынша 100-150 мыңнан асатын. Егер емтихан кезінде телефонмен ұсталып қалса, комиссияға оны қолданып үлгергенін дәлелдеуі керек еді.
Бұл жағдай ҰБТ-ны өткізу рәсіміне деген сенімсіздікке әкеп соқтырды. Сондықтан жаңа ережелерді құрастырғанда барлық мәселені ескердік.
Нәтижесінде, тыйым салынған заттарды емтиханға кіргізуге әрекет ететіндер саны 70 есеге азайды, 2019 жылы 128 мыңнан астам телефон табылса, 2020 жылы олардың саны 2500ге жуық болды.
Алайда емихан қорытындысын жою фактісі 100 есеге көбейді: 2019 жылы 128 телефон алып кіру фактісі орын алып, 24 талапкердің ғана ҰБТ нәтижелері жойылса, ал 2020 жылы тыйым салынған заттар табылған барлық 2500 адамға қатаң шара қолданылды.
Иә, ҰБТ-ның орташа ұпайы төмендеді, пайыздық мөлшерде шекті балл жинаған талапкерлердің саны едәуір азайды.
Бұл – тестілеудің әділ өтуі үшін жасалған қадам.
Биыл ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны немесе жұмысты нашар ұйымдастырғаны үшін 20-дан астам КОМИССИЯ мүшелері мен басшылары жазаланды.
Күн сайын ҰБТ пунктеріндегі комиссиялардың құрамына өзгертулер енгізуге, міндетіне немқұрайлы қараған әріптестерімізді ауыстыруға немесе бұл жұмыстан шеттетуге тура келді.
Бұған қоса, бірнеше пункте жаппай бұзушылықтардың ашық және өрескел түрде орын алуына байланысты тестілеуді мүлдем тоқтатуға және басқа күндерге ауыстыруға мәжбүр болдық.Мұндай жағдай Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында кездесті.
Дегенмен Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Арнайы мониторингтік топтағы әріптестеріміздің белсенділігі мен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қажетті тәртіпті қамтамасыз ете алдық.
Мұндай шешімдерді қабылдау оңай емес. Талапкерлердің әлі бала екенін түсінеміз, десе де талапкерлерді ережені сақтауға, өз күшіне ғана сенуге үйрету – маңызды, – деді ол.
15 қыркүйек 2020 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (1676)

29 қыркүйек 2020 ж.

№74 (1675)

26 қыркүйек 2020 ж.

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам