Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты аулаған браконьер құрықталды

Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты аулаған браконьер құрықталды

Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ,өкінішке орай,браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлері толықтай жойылу қаупіне ұшырады. Солардың бірі қарақұйрық аңы.
2020 жылдың қыркүйек айының 13-нен 14-не қараған түні «Охотзоопром» ӨҚ-нің жәнеполиция қызметкерлерінің бірлескен іс-шаралары барысында Жаңақорған ауданы Қаратөбе ауылы тұсындатоқтап тұрған Нива маркалы автокөлігінен атылған қарақұйрық және екі қоян алынды. Сонымен қоса автокөліктен еш құжатсыз тіркеуде жоқ 1 аңшы мылтығы,10 дана оқзаттай дәлелдеме ретінде алынды. Автокөлік айыппұл алаңына қойылды.Күдікті  тұлға Жаңақоған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
      Қазіргі таңда, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен(жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Одан бөлек, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 482 бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік шара қолдану үшін құжаттар жинақталуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
15 қыркүйек 2020 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (1676)

29 қыркүйек 2020 ж.

№74 (1675)

26 қыркүйек 2020 ж.

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам