Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі

Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі

Әлем ғылымында өзіндік орны бар ғалым Жүсіп Баласағұнның қанатты сөздері арада қанша ғасыр өтсе де ел жадында сақталып келеді. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан кемеңгердің бірқатар нақылын ұсынып отырмыз.
* Аз сөйлесең де, аңдап сөйле.
* Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.
* Ақылмен iс қылған бек елге сүйкiмдi болады.
* Бiреудi үйрету — өзiңнiң қайталап үйренуiң.
* Қайда жүрсең де өзiңдi тiзгiндеп ұста.
* Ойлауы мен сөйлеуi қоса жетiлген адам ғана жан-жақты жетiлген адам.
* Ақылды адамдардың сөзi көрiктi де, сүйкiмдi болады.
* Адам салқын қанды, тұрақты, жақсы мiнездi болуы керек.
* Парасат — қараңғыдағы шырақ.
* Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.
* Не дер екен мейірімі мол кісі:
* Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.
* Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –
* Дәулет болар алсаң соның ақылын.
* Мейірімнен шынайы леп еседі,
* Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі.
* Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
* Қолда өсір, ұстай көрме алыста жат.
* Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
* Баланың еркін өсер тәртібі-есі.
* Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
* Қайтарар жауабың да қысқа болсын.
* Білімдінің  аты өсер, білімсіздің аты өшер.
17 қазан 2020 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (1682)

20 қазан 2020 ж.

№80 (1681)

17 қазан 2020 ж.

№79 (1680)

13 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 383 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам